Ләйлә Сұлтанқызы уайымға салынғанда кірпіктерін жұлатынын айтып, оқырмандарын алаңдатып қойды.
Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
"2млн 195 мың
Бұл менің айлығым емес, оқырмандарымның қазіргі саны
Жаңа жылдан бастап іnstagram тазаланып жатыр. Жалған аккаунттар мен боттардан тазаланған соң, шынайы оқырмандарым ғана қалады. 7 күнде 7 мың адамды өшіріпті. Әрқайсыңызды жеке танымасам да жиіпікір жазатын оқырмандарым, жақындарым, таныстарым, достарым, әріптестерім, бауырларым, жаманпікір жазатындар, Еленалар, Ясмалышом-дар, Базасатушылар деп байқап отырамын. Инстаграм әбден тазалап болған соң, өзім де тағы бір реттеп шығуды жоспарлап отырмын. Алакөзділер мен қараниеттілер болса, бақыт тілеп қоштасқым келеді.
Ал енді осы сәтті пайдаланып таныса отырайық өзіңіз туралы қызық 3 факт жаза кетіңіз. Мен Ләйлә Сұлтанқызы
1. Уайымдасам кірпіктерімді жұла бастаймын
2. Кисельдің дәмін білмеймін
3. Мостикке тұра аламын"