Түстікте Төле би бабаның тойы өтуде

Әйгілі Бұқар жыраудың «Әй, Абылай, Абылай, сені мен алғаш көргенде, тұрымтайдай ұл едің, Түркістанда жүр едің, қалтақтап жүріп күнелткен, Үйсін Төле бидің түйесін баққан құл едің», – деп хан ағасы Абылайға айтқан жыр-толғауының кейіпкері, ұлтының кемеңгер тұлғасы, белгілі қоғам қайраткері – Төле Әлібекұлының  350 жылдығына арналған торқалы той басталып та кетті.

Бүгін, яғни 2013 жылғы 23 қазанда Таш­кент қаласында  ала тақиялы ағайын «Қар­лығаш әулие» атап кеткен ұлы бидiң кесе­несiне тағзым етiп, рухына Құран оқылып, ас беруден басталады. Сондай-ақ Шымкентте, облыстық тарихи-өлкетану мұра­жайында «Ұлы тұлға ұлағаты» атты кеңейтiлген көрме-экспозициясы көрермен назарына ұсынылмақ.
24 қазанда облыстық опера және балет театрында «Қазақ мемлекетiнiң тұтастығы мен дамуындағы Әз Төле бидiң тарихи қайраткерлiк рөлi» деген тақырыппен республикалық ғылыми-теориялық кон­фе­ренция өткiзiледi. Сондай-ақ осы күнi көркемсурет галереясында «Төле би және ұлт тарихы» тақырыбының аясында рес­публи­ка суретшiлерiнiң көрме-байқауы ашылып, жұмысын бастайды. Күндiзгi сағат 15:00-де А.С.Пушкин атындағы облыс­тық кiтапханада «Төле би» жетi том­дығының тұсаукесерi өтедi.
Белгілі қаламгерлер М.Байғұт пен Ш.Орынбайдың қаламынан туындаған «Төле би – Қарлығаш әулие» спектаклi  театр көрермендерінің назарына  24 қазан  кешкi сағат 18:00-де ұсынылмақшы. Қойылым­ның режиссерi – Ә.Құлданов.  Онан арғы күндерде iс-шаралар әрi қарай жалғасып, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда «Данагөй баба – Төле би» атауымен жастарға арналған көркемсөз оқу шеберлерiнiң республика­лық байқауы өткiзiледi.
Шойбек ОРЫНБАЙ, қаламгер, Төлебитанушы:
– Өткен тарихымызда өшпес із қалдыр­ған бабамыздың тойы тек Оңтүстік Қазақ­стан облысымен ғана шектеліп қалмайды. 24-26 қазан аралығында көршілес Жам­был облысында да Төле би бабаның 350 жылдығы кең көлемде тойланады. Әулие ата жеріндегі той  Е.Әлiмжанның «Төле би» драмасымен ашылады деп күтілуде. Жамбыл жеріндегі «Баласағұн» облыстық кон­церт залында «Төле би және оның ұла­ғат­ты мұралары» тақырыбында респуб­ли­калық ғылыми-тәжiрибелiк конференцияға қонақ ретінде қатыспақпын.

25 қазанда Тараз қаласында ұлы тұлға­ға орнатылған ескерткiштiң тұсаукесерi өте­дi. Сол күнi «Төле бидiң қасиеттерi мен өсиеттерi» атты республикалық жыр мү­шәйрасының қорытындысы жасалады. Әрі салтанатты мереке соңы кешке қарай гала-концертке ұласты.
Бес күнге жалғасатын Төле би баба ру­хы­­на арналған тойдың сірге жияр қоры­тын­дысы  27 қазанда ұлы тұлғаға арналған сал­танатты iс-шараға ұласып, Төле би ауда­нында өз мәресiне жетедi. Сағат 11:00-де басталатын салтанатты театрландырылған кө­рiнiс концерттiк бағдарламалармен ас­тасып, баба рухына арналып ас берiледi. Оның соңы ұлттық ат спортына жалғасады деп күтілуде.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста