Тұрсын Алагөзов пен Баян Мақсатқызының махаббат хикаясы қашанда халықтың қызу талқысына түсіп келді. Отбасылы бола тұра көңіл қосқан ғашықтар қоғамда шу тудырып, біраз адамдың қарғысына ұшыраған-ды.
Алайда, бұл жағдай тек оларға ауыр тиген жоқ. Белгілі продюсердің жолдасы Бақытбек Есентаев оны соққыға жыққаны үшін түрмеге қамалса, Алагөзовтің бұрынғы әйелі екі баласымен жалғыз қалды. Ұзақ уақыт бойы үнсіздік сақтап келген Ляйсира Марат экс-күйеуінің опасыздығынан кейін қалай өмір сүргенін айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ "Честная жизнь" бағдарламасына сілтеме жасап.
Тұрсын Алагөзовтің бұрынғы жары алғаш рет ашық сұхбат беріп, өзінің жан сырын ақтарды. Ол жолдасының опасыздығын тым ауыр қабылдағанын және біраз күн бойы өкіріп жылағанын жасырмай айтты.
"Ол кетіп қалғаннан кейін өмірімде үлкен қайғы орын алды. Менің әлемім қирап қалды. Бәрі үзілді. Менде бәрі "ешқашан" деген сөзге келіп тірелді. Енді бәрі бұрынғыдай болмайтынын түсіндім. Жексенбілік таңғы астарымыз енді ешқашан қайталанбайтынын білдім. Ал қайғы болса оны жоқтағанды қалайды. Мен жоқтадым. Ұзақ қайғырдым. Мен көп жыладым, шелектеп жыладым десем де болады" , - деді кәсіпкер әйел.
Ляйсира Марат басынан өткен ауыр жағдайды отбасының арқасында еңсеріп шыққанын жасырмады.
"Отбасым болмағанда мен құритын едім. Күйзелістен шыға алмас едім. Менің ештеңе жасағым келмеді. Орнымнан тұрмай, жата бердім. Бірінші анам келіп, шапалақ беріп мені сол күйімнен оятуға тырысты. Алайда, ол көмектеспеді. Мен толығымен қайғырып болуым керек болды" , - деді ол.
ВИДЕО: www.youtube.com/watch