Түркістанда медресе қашан ашылады?

Түркістанда медресе қашан ашылады?

Құдайға шүкір дейік, қазіргі таңда республикамыздың көпшілік аймақтарынан жастарымызға діни ілім беретін медреселер ашылуда. Санамалайтын болсақ, бүгінгі уақытта елімізде сегіз медресе салынды. Шымкентте, Сарыағашта, Ақтөбеде, Оралда, Павлодарда, Алматы қаласы мен облысында, сондай-ақ Астанада бір-бір медреседен бой көтерген. Әрине, мұның барлығы жақсы. Қазіргідей ақпараттың тасқындаған заманында, діни ағымдардың лек-легімен ағылып келіп жатқанының кезінде, елімізде діни сауат беретін медреселердің біртіндеп салынып жатқаны – қуантарлық-ақ жағдай. Алайда рухани астана әрі киелі мекен, екінші Мекке саналатын қасиетті Түркістан қаласында бірде-бір медресенің салынбауын қалай түсінуге болады?

Жоғарыдағылар Түркістан туралы сөз қозғағанда, «бұл — біздің рухани аста­на­мыз, тәу етер екінші Меккеміз, киелі топы­ра­ғымыз» деп көсіліп салады. Бірақ, шын мә­ні­сінде, Түркістан рухани астана мәр­те­бесіне әлі күнге дейін жете алған жоқ. Бар­лығы тек сөз жүзінде ғана айтылып келеді. Егер, шынында да, Түркістан еліміздің ру­хани астанасы болатын болса, онда діни ор­талық — мүфтиятты неге киелі қалаға ор­на­ластыра алмадық? Кезінде бір әкім Түр­кістанды арақсыз қалаға айналдырамын деп, біраз әбігерге түсіп еді, бірақ одан да түк шықпады. Осылайша Түркістан көп­ші­лікке сөз жүзіндегі рухани астана бол­ға­нымен, нақты іс жүзіндегі рухани орталыққа айна­ла алған жоқ. Павлодар, Орал т.б. өңірлерде медреселер ашылып жатқанда, неге Түркістанда ашылмайды? Егер шын мәніндегі рухани астана болса, онда ең бірінші медресе Түркістанда ашылуы керек емес пе? Бұл – Павлодар, Оралда медресе ашылып қойды деп қызғанғандық емес, тек осынау киелі қалада бір медресенің болмағанына өкініш білдіру ғана. Керек десеңіз, бұл ата-баба алдында да, тарих алдында да ұят тірлік болып табылады.
Қазір Қазақстанда 2300-ге жуық мешіт бар. Оның басым бөлігі, шамамен 430 ме­шіт Оңтүстік Қазақстанда бой көтерген. Оның ішінде ең көбі — 65 мешіт Түркістанда са­лынған. Аллаға шүкір дейік, бұл ме­шіттердің әрқайсысы жамағатқа толы. Демек, Түркістанда намаз оқитын, Құдайға құлшылық ететін адамдар көп. Оның ішін­де жастар жағы басым десек, артық айт­қандық емес. Олардың көпшілігі құранды жаттап, әлі де Алла жолындағы білімдерін жетілдіргісі келеді. Бірақ мұнда медресе жоқ. Білім іздеген жастар бүгінде ілімдерін жетілдіру үшін Шымкент, Сарыағаш, тіпті Ас­тана мен Павлодардағы медреселерге сабы­лып жүр. Қазіргі таңда мұндағы жас­тардың көбі «Түркістанда бір медресе ашыл­са екен» дейді. Ал бұған еліміздің діни басқармасы қалай қарайды екен?

Әбдімүтәліп ДӘУРЕНБЕКОВ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі:
—Түркістанда медресе ашу жос­па­рымызда бар. Әзірге онда медреселерге шә­кірт­тер дайындайтын орталығымыз жұ­мыс істеп тұр. Оны Әбдімәлік деген білімді аза­мат басқарады. Қазір аймақтық медре­се­лер ашылуда. Мәселен, оңтүстік аймақ­тан — Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қа­зақ­стан облыстары үшін бір медресе Шым­кентте үш жылдан бері істейді. Шардара, Мақ­таарал, Сарыағаш аудандарында халық тығыз орналасқандықтан, Сары­ағаш­тың Ынтымақ елді мекенінен тағы
бір медресе аштық. Сондай-ақ Ақтөбе облысында – біреу, Батыс Қазақстандағы  Орал, Маңғыстау, Атырауға — біреу, ал солтүстіктегілер мен Орталық Қазақстан үшін — Павлодар мен Астанадан екі мед­ресе ашылды. Әңгіме медреселердің са­нын көбейтуде емес, медреселер өз жұмы­сы­на лайық жастарға ілім-білім беруі ке­рек. Түркістанда да келешекте медресе ашамыз, ол жоспарымызда бар. Өйткені осы уақытқа дейін дайындық курсы ретінде жұмыс жасап келген ондағы оқу орталығы алдағы уақытта медресе ретінде мәр­те­бе­сін алады. Ал Шымкент қаласындағы мед­ресені Ислам институтына айналдыру ниетіндеміз. Қазір осы бағытта жұмыстар жасалуда. Бірақ оған уақыт керек.
Әрине, мұның барлығы – жақсы сөз. Бірақ бұл сөздің айтылып келе жатқанына үш жылдың жүзі болды. Әне ашамыз, міне ашамызбен әлі келе жатырмыз. Бұл жөнін­де Шымкент қаласындағы медресенің Түр­кістандағы бір жылдық дайындық кур­сының директоры Әбдімәлік ӘБДІРАХМАН мыр­за былай дейді:
— Қазір біз оқуалды дайындық мекемесі ретінде тіркеліп отырмыз. Былтыр бас мүф­тидің өзі келіп, оқу базамызды көріп: «Бұл ха­лыққа керек медресе екен, біз мұны қол­даймыз», – деген еді. Мен екі-үш жылдан бері Діни басқармаға: «Түркістаннан үш жыл­дық медресе ашайық, бізге жеке мед­ресе ретінде мәртебе беріңіздер», – деп айт­қан болатынмын. Біздің өз жатақханамыз да, асханамыз да, оқу ғимаратымыз да бар. Барлығы дайын, заман талабына сай жаб­дықталған. Ауламыз кең, бау-бақша, спорт алаңдары, тіпті бассейнге дейін қам­та­ма­сыз етілген. Діни кадрларымыз да дайын. Мұнда Құран кәрім, пайғамбарлар өмір­баяны, сондай-ақ құлшылықтың жол­да­рын үйрететін — ғибадат пәні, мінез-құ­лыққа байланысты — ахлақ пәні және сенім-нанымды үйрететін — ақида сабағы бар. Сонымен қатар мұнда араб тілін және тәжуид ілімін үйретеміз. (Тәжуид дегеніміз — құранды мәнерлеп оқу. – Авт.). Тіпті қа­риларды дайындайтын ұстаздарымыз да бар. Демек, барлығы дайын тұр. Бұған еш­қандай қаражат кетпейді. Өзіміз демеуші тауып, базамызды одан әрі жетілдіріп оты­рамыз. Енді одан артық не керек? Тіпті бұ­ған дейін Діни комитеттен, Білім және ғы­лым министрлігінен, Діни басқармадан ар­на­йы мамандар келіп, олар да оқу ғима­ра­тымызды аралап, оң баға беріп кеткен. Бірақ әлі күнге дейін жеке медресе ретінде тіркелген жоқпыз. Біріншіден, Түркістан — рухани орталық. Сондықтан Түркістанда міндетті түрде бір медресе ашылуы керек. Егер киелі қаладан бір медресе ашылмай қалатын болса, тарихтың алдында да, тіпті қазақтың қаймақтары жерленген ата-бабаларымыздың алдында да – ұят.

Қазір ислам дінінің өзі «үй ішінен үй тік­кен» секілді бірнеше түрге бөлініп кетті. Тіпті кейбіріміз талтайып тұрып, қолымызды кіндігімізге емес, көкірегімізге байлап, намаз оқитынды шығардық. Онымен қоса, «ата-баба басына барып құран оқуға бол­майды, келіннің ата-енесіне сәлем салуы  Ал­лаға серік қосу болып табылады» деп, ата-баба дәстүріне қарсы шығып жүргендер де баршылық. Осындайда жастарымызға тура жол көрсетер, шын ақида мен сенімді үйрететін медреселердің көптеп ашыл­ғандығы дұрыс шығар... Дегенмен, қалай десек те, киелі қалада бір медресе болуы керек. Өйткені Түркістан сөз жүзіндегі емес, нақты іс жүзіндегі имандылық ор­да­сы­на айналуы тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста