Түркі халықтарының ақындары Түркістанда бас қосты

Түркі халықтарының ақындары Түркістанда бас қосты

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен түрік дүниесінің фольклористері, ақын-жыраулары мен халық ақындары 3-4 мамыр күндері түркі мәдениетінің рухани астанасы Түркістанда бас қосты. Түркияның белгілі ғалымы, иранист-фольклорист, профессор, доктор Али Кафкасиялы шараның түркі халықтарының атажұрты саналатын Түркістанда өтуіне көп ықпал жасады.
Сонау Қ.А.Ясауи бабамыздан бастау алған өлең құдіреті мен Қорқыт атадан жеткен мәдени құндылықтарымыздың түркі халықтарындағы ортақ жәдігерлері ортаға салынып, киелі Түркістан шаһарын дүр сілкіндірді. Шараның негізгі мақсаты – бүгінгі таңда жоғалып бара жатқан көне ұлттық аспаптарды, бүкіл түркі халқына ортақ жыраулар мақамы, толғау, суырып­сал­малық, ақындық өнердегі шығар­ма­лар­ды ортақтастыра отырып, насихаттау арқылы түркі халықтарының мәдени бай­ла­ныстарын нығайту болып табылады. Халық ауыз әдебиетінде ортақ мұраларды ұрпақтарға аманаттап, түбі бір түркі халықтарының ортақ мәдениетін паш етті.
Осымен төртінші рет ұйымдастырылған бұл түркі әлемі халық ақындары мейрамы Түркия Республикасында үш рет өткен. Атал­мыш шараға Әзірбайжан, Грузия, Қазақ­стан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрік­менстан, Түркия, Иран, Ресей Феде­ра­ция­сының хакас-якут, алтай ұлттарынан, Қытай, Қарақалпақстаннан 40-тан астам ғалым мен ақын-жырау қатысты. Орта Азияда, оның ішінде Қазақ­станда көш ілгері дамыған суырып­сал­ма­лық, айтыс өнерінің өкілдері Әселхан Қалы­бекова толғау айтса, Бекарыс Шойбе­ков арнау өлеңімен өнер көрсетті. Маржан Есжанова мен қырғызстандық айтыскер Мақсат Құлиевтың жеңге мен қайын айтысы көрер­мен қауымын шаттыққа бөледі. Қомус, дутар, қумус, домбыра, қобыз тар­ты­лып, көпшілік қауым рухани сусындады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста