Түркі дүниесін түгендеу

Тәуелсіз ел болғалы бері атқарылған игі шаралардың бірі әрі бірегейі – еліміздің түкпір-түкпірінде іргелі оқу орындары мен заманауи зерттеу орталықтарының құрылуы. Соның бірі – Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. 1996 жылы 23 мамырда Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен құрылған университет 16 жыл ішінде білім сапасы мен қызметкерлерінің ғылыми жетістіктерінің арқасында әлемнің үздік 370 оқу орнының қатарына кіріп үлгерді. Алайда аталмыш оқу орнының мәртебесі тек мұнымен асқақ емес. Университеттің нақ төрінде кезінде дүниенің төрт бұрышын түгел билеген Күлтегін бабамыздың ескерткіші тұр. Бүгінгі күллі түркі ұрпағының алтын қазығы іспетті. Түркі әлеміне қатысты көптеген игі іс осы оқу ошағында қайнап келеді.


Биыл аталмыш оқу орнына аты берілген ғұ­лама тарихшы Лев Николаевич Гуми­лев­тің туғанына – 100 жыл. ХХ ғасыр­дың екінші жар­тысына қарай өше бастаған еура­зия­шылдық идеясын қайта жаңғырт­қан ға­лым­ның ұшқыр ойлары Тәуелсіз мем­­ле­кетіміздің мыңжылдық қарса­ңын­дағы жа­ңашыл бастамаларымен ұштасып, қа­зіргі таңда кешегі кеңестік кеңістікте бір­қатар сая­си-экономикалық, рухани-мәде­ни бас­та­маларға себеп болып келе жат­қаны аян. Жақында Еуразия ұлттық уни­­верситетінде Л.Н.Гумилевтің 100 жыл­дығына орай, «Еу­ра­зиятану» кітаптар се­риясы жарық көрді. Со­ның ішінде тілге тиек еткелі отырғанымыз – Дүкен Мәсім­хан­ұлының «Еуразиялық өр­кениет.  Ежелгі түр­кі және қытай елінің ру­хани қарым-қаты­насы» атты еңбегі.  Қытай Ха­лық Рес­публикасының Шыңжан өлкесіне қа­расты Текес ауданының Ақши елді ме­ке­нінде дүниеге келген Дүкен Мәсімханұлы – 1993 жылы атажұртына қоныс аударғалы бері еліміздің ғылым-білім саласында ерін­бей еңбек етіп келе жатқан ғалым­дар­дың бірі. Та­рихи отанындағы еңбек жолын Әл-Фа­раби атындағы Қазақ ұлттық уни­вер­­си­те­тінде бастаған ғалым – қазірде Л.Н.Гу­ми­лев атындағы Еуразия ұлттық уни­­вер­­ситеті филология факультеті құра­мын­дағы қытай тілі кафедрасының меңгерушісі. Қа­зақ­стан­дық қытайтану саласында соны бағыт са­лып келе жатқан ғалым. Коңфуцзы, Ли Бай, Бажинь, Лао Шэ, Ай Чиң, Юй Гуанд­жұң, Уаң Мың, Джаң Чыңджы, Гу Чың, Чэнь Дұңдұң, Джау Личуа, Диң Даң  т.б. көп­­теген қытай қа­ламгерінің шығар­ма­ларын қазақ тіліне аударып, қалың оқыр­ман­дарына ұсынып келеді.
Ғалымның бұл еңбегін қазақстандық қы­­тайтану ғылым саласындағы шоқтығы биік келелі еңбектің бірегейі деп айтса ар­тық­­­тығы жоқ. Іргеміз түйіс жатса да, осы уа­­қыт­қа дейін жазылып ке­ле жат­қан қазақ-қытай қа­рым-қа­ты­н­астары жайлы еңбек­тер не­гі­зі саяси-экономикалық ба­ғыт­тар­ды қам­титын. Ол – түсінікті жайт. Дың Сияу­пиң­нің көреген сая­сатының арқасында Қы­тай Халық Республикасы қазіргі таңда әлемдік алпауыт держава­лар­дың біріне айналып, тек аймақтық геосаяси жағдайда ғана емес, әлемдік саяси-эконо­ми­калық өз­герістердің бел орта­сында жүретін дең­гейге жетті. Гео­сая­си, геоэкономикалық мүд­делерімізге сай, отандық ға­лым­дардың Қазақстанның Қы­тай­мен қарым-қаты­на­сындағы саяси-эко­номикалық жақтарына мо­лырақ көңіл бөлетіні анық. Алайда қа­зақ-қытай қаты­нас­тары кеше ғана бас­талған жоқ. Етене көршілес екі елдің қа­рым-қа­тынастары терең тарих қой­науына кетеді. Әсіресе екі ха­лық­тың рухани-мә­дени бай­­ла­нысы – тың зерттеулерді қажет ететін сала. Ұлы Жібек жолын жағалай қон­ған екі ел­дің бір-бірінен тек мата алы­сып, мал бе­рісіп қана отырды де­генге сену қиын. Делимитация мен де­мар­кацияның аты жоқ заманда қойы қо­ра­лас жатқан қос елдің рухани сұхбаттастығы бол­ғаны айдан анық. Аталмыш еңбек осы төңіректе ой қозғайды.
Кітаптың «Қазақ-Қытай елдері мәдени-ру­хани қарым-қатынастарының бастау көз­де­рі» атты кіріспе бөлімінде ғалым қа­зақы өркениеттің өткені мен бүгіні жайлы өткір ойлар айтады. Дүкен Мәсімханұлы көшпен­ді­лер өркениетінің отырықшылық өрке­ниет­ке берген игіліктерін дәйекті мысал­дар­­­мен алға тартады. Бар адамзат өр­­­ке­­ниетінің барлық өзгерісіне себеп бол­­ған ер қанаты жылқыны жабайылықтан қол­ға үйреткен көшпенділер екені рас. Жа­байы жылқының қолға үйретілуі алысты жа­қын еткен көлік құралы, соғыс қаруы бо­лып қана қоймай, көшпенділердің өрке­ниет­терді бір-бірімен жақындастырған бай­ланыс құралы болды. Жылқының арқа­сында айлық жерге барып жайлап, көш­пе­лілер та­лай елмен көрші атанды. Дұшпан көр­се – со­ғысты, қырқысты, құшағын ашса – дос болды, білісті. Бірге ойнап, бірге күлді. Өнер үйренді, біл­генін берді. Өзіндегісін өз­ге­ге берді, өзгеден ал­ғанын өзгеге үйретті. Осылайша Еура­зия­ның түкпір-түкпіріне дә­не­кер болды. Көш­пен­ділер өмір сүрген кеңістікте ин­те­гра­ция­ның жедел жүргеніне тарих дәлел.
Өз еңбегінде ғалым сондай-ақ тіл мәсе­ле­сіне де ден қойған. Мәселен, қытай тіліне де түркі тілінің әсері зор болғанын Дүкен Мә­сім­­хан­ұлы кітабында тәптіштеп жазады. Шың­­жан­дық түрколог ғалым Ясин Құ­мар­ұлы­ның «Түркі тілі мен қытай тілінің бай­ла­нысы» ат­ты ғылыми-зерттеу еңбегіне сілтеме жа­саған ғалым қытай тіліне түркі тілінен ен­ген көп­теген сөзді тізіп көрсетеді. Мысал ре­тін­де алынған сөздер қазіргі Қытайдың оң­түс­тік-шығыс өңіріндегі диалектісіне тие­сі­лі еке­нін ес­керсек, түркі өркениетінің көрші Қы­­тайға қаншалықты тереңдеп енгенін кө­ре­­міз. Түркі тілі мен қытай тілі екі бөлек үлкен тіл­­дер тобына жатқанына қарамастан бір-бі­ріне енген сөздер көп болса, онда рухани бай­ланыстың, мәдени ықпалдас­тық­тың анағұрлым кең болғандығын аңғартады.
Халықаралық «Алаш»  әдеби сыйлығы­ның ие­­гері, ақын әрі ғалым  Дүкен Мә­сім­хан­ұлы ең­бегінде екі елдің рухани байланысын одан әрі тереңдете түсіп, екі жұрттың музыка, дү­­ние­­таным, салт-дәстүрлеріндегі өзара ор­тақ дү­ниелеріне тарихи деректер мен құжат­тар ар­қылы дәлел келтіреді. Қытай­та­ну­шы ға­лым Дүкен бұл кітабында екі елдің ру­хани бай­ла­ныстарының өткеніне ғана үңіліп қой­май, ке­шегісі мен бүгініне де кеңінен тоқ­талады. Ең­бек­тің мәнділігі сонда, қалың оқыр­манды сая­­саттанушылар мен эко­номистер бойына ұя­латқан «китаефобиядан» арылтып, екі ел­дің рухани қарым-қаты­нас­та­ры мен мәдени бай­ланысына үңілдіреді.
Дәлелхан АЙБОЛАТ, халықаралық саясат магистрі

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста