Түркі әлемін паш ететін көрме өтеді
Үстіміздегі жылдың 21-30 қаңтар күндері аралығында Голландия-Түркия дипломатиялық қарым-қатынастарының 400 жылдығына орай, Лахей қаласында «ТҮРКСОЙ сурет көрмесі – 2012» шарасы өз жұмысын бастайды.
Мұндай ауқымды шаралар бұдан бұрын Франция, Германия, Люксембург, Латвия, Италия және Бельгияда ұйымдастырылған.
Үлкен көрменің ашылу салтанатына, Ыстамбұл қаласының депутаты және Қара теңіз Экономикалық ынтымақтастығы Парламент Ассамблеясының түрік тобы басшысы Ы.Сафи, Түркі тілі бірлестігінің басшысы Х.Шүкрү Акалын, ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Д.Қасейінов, ЭкоЕуразия басшысы Х.Ерен қатысады деп жоспарланып отыр. Бұл көрменің мақсаты – түбі бір түркі әлемінің мәдениеті мен өнерін әлемге паш ету. Аталған көрмеге қазақстандық шеберлердің де туындылары қойылмақ.