Түрік сериалдары әлемнің түпкір-түкпірінен өз көрермендерін табуда. Осы уақытқа дейін түрік сериалдарын 75 -тен аса мемлекет сатып алған.
Түрік кейіпкерлеріне тәнті болып, сериалдарын үзбей көретіндер қатарында Украина, Ресей, Пәкістан және Қытай көрермендері бар. "Deloitte Türkiye" зерттеу орталығының мәліметінше, соңғы жылдары сериалдардан түскен қаражат 200 миллион АҚШ долларын құраған.
Түркияның сериал өндірушілері бұл табысты 2023 жылы 1 миллиард долларға жеткізуді көздеп отыр. Түрік сериалдарын бірнеше жылдан бері Құрама Штаттар каналдары да көрсетеді.
Ал 2014 жылы түрік сериалдары Латын Америкасында Бразилия және Аргентина сериалдарын ығыстырып, көрермен көңілінен шыққан.