Тұңғыш хакер – қазақ жігіті

Тұңғыш хакер – қазақ жігіті

Оның есімі осыдан 27 жыл бұрын тұңғыш хакер ретінде бүкіл дүниежүзіне тарады. Әлемдік ғалымдар ақпараттық технологияға енді ғана қадам жасай бастағанда, қарапайым қазақ жігіті алып зауыттың компьютерлік желісін бұзуға болатынын ашық дәлелдеді. Ал Кеңестер Одағы Алматыдағы физика-математика мектебін, кейіннен Мәскеу мемлекеттік университетін тамамдаған талантты жігіттің атын жасырып, оның есімін шартты атаумен ғана атаған. «Мойындалмаған данышпан» атанған қазақ хакерінің электронды есептеу жүйесін бұзуына оған деген немкетті көзқарас себеп болған.

Ғаламторға Мұрат Өртембаевтың (іздеу сайттарында – Мурат Уртембаев) есімін енгізген адам оның Кеңес Одағында ресми мойындалған тұңғыш хакер болғанына көз жеткізе алады. Ол 1983 жылы атағы дүркіреп тұрған АвтоВАЗ-ға жұмысқа тұрып, кейіннен қазақ болғаны үшін қудалауға ұшырағанда, зауыттың бас бағдарламасын бұзады. Ақпараттық желісі бұзылған зауыт үш күнге тоқтайды. Алайда өз кінәсін мойындаған Өртембаевты жазалайтын заң болмай шығады. Сөйтіп, қарапайым қазақ баласының есімі бүкіл әлемге тарайды. Туған топырағына келіп көз жұмған Мұрат Өртембаевтың кезінде мойындалмай кеткен қабілетін достары мақтанышпен айтады.

Асқар ЖҰМАДІЛДАЕВ, академик:
– Мұраттың интернеттегі аты – «непризнанный гений», яғни «мойындалмаған данышпан». Ол – ресми газетке басылған бірінші хакер. Осыдан кейін дүниежүзіндегі заң жүйесіне өзгерістер енген. Осыдан кейін бағдарлама жасаушы деген кәсіптің мықты кәсіп екені мойындалды. Мұрат екеуміз МГУ-де бірге оқыдық. Бітірген соң оған Қазақстанда жұмыс табылмай біраз жүрді. Сосын аталған зауытқа жұмысқа тұрды. 

«Хакер» сөзі ағылшынның «hack», яғни шабушы, бұзушы деген сөзінен шыққан. Ол – компьютерлік технологиялардың қыр-сырын терең меңгерген, білікті IT маманы. Хакерлер жайлы екі түрлі пікір қалыптасқан. Бірі – күрделі бағдарламаларды ойлап табады, ал екіншісі – кез келген жүйенің осал тұстарын анықтап, бұзып кіреді. Осылайша мұндай кәсіп иелері өз білімін не дұрыс, не теріс мақсатқа пайдаланады. Көбіне хакерлер банктердің шоттарына шабуыл жасайды. Алайда қазір хакерлікпен айналысу кез келген мемлекетте заңмен қудаланады. Сондықтан қолынан іс келетіндер өздерін аса жарияламайды. Ал компьютердегі ақпараттар қолды болмас үшін қорғанысқа көңіл бөлген жөн, – дейді мамандар.

Қуаныш СЕЙДАХМЕТОВ, компьютерлік бағдарлама жасаушы:
– Жүйенің осал тұстарын білу үшін эксперимент ретінде вирус жасап, тарататындар көп. Олар елдің парольдерін ұрлауы мүмкін. Ондай жағдай болмас үшін антивирустік бағдарлама орнатып, парольды ешкімге бермеу керек.

Ақпараттық технологиялар күн сайын жаңарып отыратынын ескерсек, бүгін ойлап тапқан қорғаныс бағдарламасы ертең ескіріп қалмасына ешкім кепілдік бере алмайды. Сондықтан «бұзық» хакерлер бағдарлама жасаушылардың біліктілігін шыңдай түсуіне ықпал етпек.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста