Тұңғыш... қазақ қызы

Ең жас «Алтын алқа» иегері
Еліміздегі ең жас ана, «Алтын алқа» иегері – Нәзира Сабралиева. Қызылордалық Нәзира 26 жасында жеті баланы дүниеге әкелді. Батыр ананың үш қызы, төрт ұлы бар.

Әлем әйелдері туралы энциклопедияға енген және Халық Қаһарманы
Әнші Роза Тәжібайқызы Бағланова Қызылорда облысында дүниеге келген. Өнер жолын Ташкент филармониясының ән-би ансамблінде әнші болып бастаған. Қазақстанның Халық артисі (1967), Халық Қаһарманы (1996).

«Алтын орфей» халықаралық байқауының бас жүлдегері
Роза Рымбаева 1957 жылы Семей облысында туылған. Семейдегі музыкалық училищені, Алматыдағы театр-көркемөнер институтын тамамдайды. 1977 жылы «Алтын Орфей» халықаралық байқауының бас жүлдесін жеңіп алған.

Тракторшы
Кәмшат Дөненбаева 1943 жылы Қостанай облысында туылған.  1968 жылы – механизаторлар даярлайтын курсты, 1977 жылы Қостанай ауыл­­шаруашылық техникумын бітірген. Социалистік Еңбек Ері.

Екі дүркін әлем чемпионы
Қызылордалық Әсел Дәлиева ұлттық ойынымыз – тоғызқұмалақтан тұңғыш рет екі дүркін әлем чемпионы атанды. Ол 2010, 2012 жылдары өткен әлемдік жарыста үздік шықты.

Режиссер
Дариға Тінәлина 1921 жылы туған. Кинорежиссер. Ал 1953 жылы режиссерлік  факультетті тамамдаған. 1954-1958 жылдары –  «Мосфильм»,  1964 жыл­дан «Қазақфильм» киностудиясында режиссер болып қызмет атқарған.

Дәрігер
Қазақтан шыққан алғашқы әйел дәрігер – Аққағаз Досжанова. 1914 жылы Аққағаз Досжанова Орынбордағы әйелдер гимназиясын бітіреді. 1921 жылы Ташкенттегі Түркістан халық университетінің медицина факультетін тамамдаған.

Ұстаз
Ең алғаш қазақ қыздарынан шыққан ұстаз, этнограф, аудармашы, журналист Нәзипа Құлжанова 1887 жылы Торғай қаласында туған. Ол Қостанайдағы орыс-қазақ гимназиясын (1902),  Торғайдағы қыздар училищесін (1904) бітіреді.

Ұшқыш
 Хиуаз Доспанова Гурьев облысында 1922 жылы дүниеге келген. Мектепте жүріп-ақ аэроклубқа барып жүреді. Мектептен соң Мәскеудің Бірінші дәрігерлік институтында оқиды.  Бірақ Ұлы Отан соғысы бас­талғанда әуе авиациясы полкінде штурман болған.

Әлихан ХАЙБУЛЛАЕВ, алты жаста:
– Мен анамды өте жақсы көремін. 8 Наурызда біздің үйге көп қонақ келеді, сосын мамам дүкенге барып, тамақ сатып алады. Сонда мен мамама ауыр пакеттерді көтертпеймін, өзім көтеріп көмектесемін. Мен күнде-күнде таңертең ұйқыдан тұрғанда мамамның қолынан сүйіп, «сені жақсы көремін» деп айтамын. Енді мейрамында таңертең ерте тұрып, бетінен сүйемін де, «мама, мерекеңмен, сені қатты жақсы көремін» деп айтпақшымын. Мен үшін ана – жақсы көру деген сөз. Мамам маған әдемі киімдер әпереді, мен сол үшін мамамды жақсы көремін.
Әлия РАХАТ, Ақтөбе облысы Әлия ауылының орта мектебіндегі 1-сынып оқушысы:
— Мен 8 Наурызда мамама өз қолыммен сыйлық дайындаймын. Біздің апай «дүкеннен алған сыйлықтан гөрі өз қолыңмен жасаған сыйлық қымбат болады» деп айтты. Дәл қазір мен түрлі түсті қағаздан күшті сыйлық жасап жатырмын.. Менің тәтем «мамаң қуанса ауырмайды» деді. Мен мектептен келгенде мамам күнде «бес алдың ба?» деп сұрайды, «иә» десем қатты қуанатынын байқап жүрмін. Мереке күні апай сабақ сұраса екен, бес алып, мамамды қуантқым келіп тұр.  

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста