Түнгі тойлар балалардың табыс табатын орны ма?

Біз – өнерлі халықпыз. Дүниеден өткен ойшыл ақын Қадыр Мырза-Әлінің «Өнерсіз адам болса да, өнерсіз қазақ болмайды» деп толғап кеткені тектен-тек болмаса керек. Ән айтып, би билеудің алғашқы қадамын бүлдіршіндеріміз балабақшадан бас­­тайды. Мектепке барған соң бойындағы осындай қа­білеттерін ұштай түсу мүмкіндіктері де мол. Сахнасына шы­ғып, әуелете ән салып, күмбірлете күй төгіп, мың бұрала би­леп жүр­ген ұл-қыздарымызды көз алдыңызға елестетіп көріңізші? Қан­дай жарасымды. Жеткіншектің бойындағы бұғып жатқан та­ланты мен қабілеті осындай жағдайда ғана толыса түспек. Да­рынды бала көзін ашуға тура келетін бұлақ іспеттес емес пе?!

Әйтсе де, соңғы уақытта ба­ла­­лардың мектеп сахнасында емес, кешкі және түнгі тойларда өнер көрсетуі белең алып барады. Олар үйлену, қыз ұзату се­кіл­ді той­лар мен мерейтойларда жү­ре­ді. Ең бір қынжыларлығы – ана сү­ті ауыздарынан кеппеген кіш­кен­­тай балақайлар ән айтып, би би­­­леген кезде тойда отырғандар ақ­­ша лақтырып жатады. Осындай те­ріс іс-әрекеттері арқылы олар бе­­­сіктен белдері шығып үл­гер­­ме­ген бүлдіршіндердің бо­ла­шағына бал­та шауып жатқанын сезіне ме екен? Сонда өнерге ике­мі мен құл­шы­нысы бар жас өрен­ге қол­дау көрсетудің жолы қал­та­сына ақ­ша қыстыру болғаны ма?

Біз осы сауалдардың ара жі­гін ажырату үшін жас жет­кін­шек­терге білім мен тәрбие бе­ру ісінің бел ортасында жүрген бір­қатар сынып жетекшілеріне, ата-аналарға, сондай-ақ өзін өзі тану, адамгершілік, рухани да­му бағыттары бойынша қызмет ететін мамандарға жолығып, ой-пікір алмасқан едік. Мысалы, Батыс Қазақстан облыстық білім бас­қармасы басшысының орынба­сары Зәуре Ғұмарованың мә­лім­деуінше, ұл-қыздары мен не­­мерелерінің кешкі тойларда өнер көрсетіп, ақша табуына мүд­делі ата-аналар бар көрінеді. Әдет адамға тез жұққыш келеді. Пер­зентінің тойдан ақша тауып кел­ге­ніне дәніккен кейбір әке-ше­ше кейін балаларымен бірге мей­рам­хана кезіп кетуді әдетке ай­налдырғанын байқамайды. Той иелерінің арасында қазір менің қызым билейді, өлең айтады деп тойшы қауымға хабарлама жа­сайтындары да кездеседі. Содан кейінгі көрініс үйреншікті дағды бойынша жалғасады. Әсіресе, еліміздің батыс өңірлеріндегі той-томалақта бүлдіршіннің белі мен қолына ақша қыстыру кең та­раған дарақы әрекеттердің бірі бо­лып тұр.

Өңірдегі бала тәрбиесімен ай­на­лысатын мамандардың айтуын­ша, олар тойларда қалыптасып қал­ған бұл әдет баланың бойын­да­ғы ақшаға құнығу секілді, қашық болуға тиіс мінездің белең алуына итермелейді. Алайда, ата-аналар педагогтардың айтқанына құ­лақ аса қоймайды. «Баламыз мек­тепке барып жүр. Сабағы жақ­сы. Басқасында қандай ша­руа­ла­рыңыз бар», деп мойын бұра қой­май­ды. Екіншіден, той залын­да бала­ның көрсеткен өнері ке­лісіп, кес­теленіп тұрса жақсы. Со­лай бол­маса да лауазымды той иесі­нің қошеметшілері кішкентай ба­­ла­ны өтірік қолпаштап, жабыла көтермелейтіні анық. Мұндай жағ­­дайда жеткіншектің бойында өзім­шілдік пен бетпақтық секілді теріс мінез қылаң бермесіне кім кепіл?

Бір сөзбен айтқанда, уыздай ұл-қыздарға той арқылы өнеге, тәлім-тәрбие беру мүмкіндігін мүл­дем жоққа шығаруға бола қой­мас. Өйткені, той да тәрбие орта­сы екендігімен келісуге тура ке­леді. Әйтсе де той үстінде бүлдір­шін­дердің өнері саудаға салынып жатса, аталған көзқарастың құ­ны көк тиын. Бізбен ой-пікір алмас­қан ата-аналардың бірі Айболат Қожанғалиев тойлардың көп жағ­­дайда кешке өткізілетінін, кеш­­құрым уақытта бастауыш сын­ыпта оқитын оқушылардың той­да жүруі тәлім мен тәрбие талап­та­рына мүлдем сәйкеспейтінін ай­тады.

Тойдың аты – той. Мұндайда қисынды-қисынсыз, түрлі әңгіме өрістеп жатады. Дастарқан үстінде спиртті ішімдіктер де ішілмей қалмайды. Ендеше, тойда саламатты өмір салты сақталып отыр деп қалайша айта аларсың. Сондай-ақ, той-томалақта түнімен жүріп, даңғаза шудан шаршаған оқушыға мектептен алған білімі бойына сіңе қояды деп айта алмаймыз. Керісінше, баланың ойында үй тапсырмасын орындаудан гөрі, тойда табатын ақша тұрады.

Балалардың түнгі тойларда өнер көрсетуінің педагогикалық талаптарға сәйкес келмеуі өз алдына, бұл жағдай балалардың құқын шектеу болып шығады. «Балалар құқықтарын қорғау туралы» заңның 36-бабында бүл­дір­шіндердің кешкі 22.00-ден таң­ғы 6.00-ге дейін ойын-сауық мекемелеріне заңды жетектеуші өкілдерінсіз баруына тыйым са­лын­ған. Мұндай жағдайда балалар үне­мі сәбилік кезеңнен атта­ған­дар­­дың жанынан табылып жүр деп айт­сақ, шындыққа қиянат. Тіпті, бүл­діршіндер түнгі ойын-сауық ойын­дарына ересектермен бірге барған күннің өзінде бұл қандай қисынға келеді? Бұдан гөрі олардың уақытында дем алғаны жөн емес пе? Осы орайда бұдан 15 жыл бұрын қа­былданған заң тармақтарын өз­герту қажеттілігі де байқалып қа­лады, дейді Балалар құқығын қор­ғау бөлімінің жетекшісі Хажарбибі Ескендірова.

Әрине, бір есептен жас жет­кін­шектердің қаражат көздерін із­­­дестіруге ұмтылуын құптауға да бо­лады. Дегенмен, олардың бо­й­ы­н­­да, бүгінгі мақаламызда ай­ты­л­­­­­ғандай, ақша табудың ең оңай жо­­­­­лы жартылай жалаңаштанып, той­­­д­а ән салып, би билеу деген ой ба­­сым тұратын болса, мұндай үс­ті­рт көзқарастың пайдасынан гөрі зи­я­ны және теріс әсері көп болып шы­ғатыны аллаға да, әмбеге де аян болса керек.

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан»

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста