«Тұмар» сыйлығын табыстау шарасында өмірден озған телевидение ардагерлері еске алынды

«Тұмар» бірінші ұлттық телевизиялық байқауы сыйлығын табыстауға арналған салтанатты шараға қатысушылар өмірден озған ұлттық телевидение ардагерлерін 1 минут үнсіздікпен еске алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлттық телевизиялық «Тұмар» бәйгесі тұрақты, әріптестерімнің әрбір атар таңы шуақты, әріптестерімнің барлығы жыл сайын осындай сынақты, ал бәріміз бай қуатты болайық. Бүгін телевизиялық «Тұмар» бәйгесіне қатысушылар да, марапаттаушылар да, маған дейін сөйлеген шешендер де бұл бәйгені бірінші деді. Келісуге де болатын шығар. Бірақ, кеңестік жүйеде, осында ардагерлер де отыр, дәл осындай «Жолдас» деген үлкен конкурс, үлкен фестиваль болған. Оның бер жағында Арманжан Байтасов ұйымдастырған «Алтын жұлдыз» бәйгесі болған. Сондықтан да «Тұмар» бәйгесінің тұрақты болғанын қалаймын», - деді байқаудың «Телевизияның дамуына қосқан үлесі үшін» аталымы жеңімпазын жария етуге шыққан танымал тележурналист Нұртілеу Иманғалиұлы.

Сонымен қатар ол Қазақ телевидениесінің 60 жылдық тарихы бар екендігін бірақ, ол тек ұлттық арнаның ғана 60 жылдығы еместігін баса айтты.

«Меніңше, бұл қазақстандық арналардың, қазақ телевизиясының 60 жылдығы. Демек, 60 жылда жасаған үлкен мектеп бар. Сол мектепті жасаған тұлғалар бар. Өмірден озып кеткен азаматтар бар. Кеңестік жүйеде екінші ғарышкер Титовтан сұхбат алған Совет Мазғұтов секілді ұстазымызды, кешегі Камал Смайылов ұстазымызды, Сағат Әшімбаевты, Әділбек Тауасаровты, Галина Кузембаеваны, Ыдырыс Қасымовты, Шолпан Баймолдинаны, өмірден озған өзге адамдардың есімін осында атамасақ бізге күнә болады деп ойлаймын. Сондықтан осы мен жаңа ғана атаған адамдармен қатар бүгінде біздің ортамызда жоқ телевидениенің тарихын жасаған, телевизия тұлғаларының мектебін қалыптастырған адамдарды қазір біз бірінші бәйгеде бір минут еске алайық», - деді Иманғалиұлы.

Айта кетерлігі, «Тұмар» бірінші ұлттық телевизиялық байқауының «Телевизияның дамуына қосқан үлесі үшін» аталымының бас жүлдесі телевизия тарланы Сұлтан Оразалыға бұйырды. Жеңімпазға арнайы мүсіншені танымал тележурналист Нұртілеу Иманғалиұлы мен Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева табыс етті.

«Осы телевидениеге мен 22 жасымда келген едім. Өмірімнің 20 жылын арнадым. Бірақ, одан кейін басқа қызметтерге кетсем де күні-бүгінге дейін телевидениеден қол үзгенім жоқ. Кеше кешкісін ғана менің телевидениеден сөйлеген сөзімді естідіңіздер. Телевизия деген алды-артыңа қарауға мұрша бермейтін және бір рет ішіне кіргеннен кейін қайта одан қол үзіп кете алмайтын өнер», - деді өз кезегінде аталым жүлдегері Сұлтан Оразалы.

Автор: Марлан Жиембай

www.inform.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста