«Туған тіл – қыдырың»

«Туған тіл – қыдырың»

Жақында Алматы қалалық Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Туған ел – тұғырың, туған тіл – қыдырың» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Аталмыш шараға Тіл басқармасы орталығының басшылары, сондай-ақ қоғам қайраткері Асылы Осман және еліміздің мәдениет министрінің кеңесшісі Болманов қатысты. Сондай-ақ қазақ тілін жетік меңгерген өзге ұлт өкілдерінің студент жастарымен бірге кішкене бүлдіршіндер өнер көрсетті. Мемлекеттік тіл саясатын жастар арасында насихаттау, дарынды студент жастарды жан-жақты қолдау және қазақ әдебиеті мен өнеріне құрмет көрсетуді мақсат еткен кешке қатысушы жастар алғыс хаттармен марапатталды.

Қазіргі қазақ жастарының арасында тілден, салт-дәстүрден жеріген ұрпақтың бар екенін жасыруға болмас. Ал аталмыш шарада ең алдымен қазақ тілін жетік білетін өзге ұлт өкілдеріне ерекше мән берілді. Мұндағы мақсат – басқа тілді ана тілінен, жат мәдениетті төл мәдениетімізден жоғары қоятын қазақ жастарына үлгі көрсету. Мемлекеттік тілге қажеттілік туғызу арқылы халықты құлдық санадан құтқару – бүгінгі күннің басты міндеті. Күннен-күнге қанат жайып бара жатқан батыстық экспансияға төтеп беру үшін терең білімді, ұлтжанды жастарды тәрбиелеу қажет

Кенжехан МАТЫЖАНОВ, Алматы қалалық Тілдерді дамыту басқармасының бастығы:
– Елдің, тәуелсіздіктің келешегі жастарға байланысты. Қазақ – негізінен, өте қабілетті халық әрі мемлекетіміз де жас. Міне, осы жас мемлекет әлі де тәрбиені қажет етеді. Ал тәрбиенің басты құралы – өнер мен мәдениет. Тіл тек қана сөзден тұрмайды. Тілдің ар жағында үлкен нәр бар. Ол – ұлттық мәдениет, ұлттық өнер. Сондықтан тілді үйрету, тілді насихаттау, мемлекеттік тіл саясаты имиджін көтеру деген мәселені жеке алып қарастыруға болмайды. Оны тұтас ұлттық мәдениеттің аясында қарастырып, жан-жақты анықтауымыз керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста