Түбі бір түркі жұрты

Түбі бір түркі жұрты

Қарақалпақтар

Қарақалпақтар – туыстығы жағынан қа­зақ­тарға ең жақын халықтардың бірі. Тілі мен салт-дәстүрі, діні мен дү­ние­танымы, Жиен жыраудан (XVIII ғасыр) бастау алатын ауыз әдебиеті мен ондағы кейіп­керлерге дейін қазақтардікімен бір­дей немесе өте ұқсас келеді.
Белгілі қоғам қайраткері, ақын Кәкімбек Салықов «Қарақалпақтар – қа­ра­пайым, қанағатшыл, төзімді халық. Кең­пейілді, дарқан, дәл менің қазағым се­кілді» деп жазады.
XVI-XVIII ғасырларға дейін қарақал­пақ­тарды жеке ұлт ретінде көрсеткен бірде-бір жазба дерек кездеспейді. Есе­сіне, батыс, орыс немесе араб тарих­шы­ларының жазбаларында олардың қазақ халқының құрамындағы белді бір тайпа екендігі айтылған.
1924 жылы Қазақстанның құра­мын­да Қарақалпақ автономиялы облысы құ­рылып, 1932 жылы оған автономиялы Республика мәртебесі беріледі. Алайда 1936 жылы Қарақалпақ автономиясы Өзбекстан Республикасының құрамына өтіп кеткен!

1940 жылдан бері кирилл әліппесін қолданып келеді. Латын графикасына қай­та өту мәселесі қарастырылып жа­тыр.
Республика құрамында 15 аудан, 12 қала, 16 кент, 112 ауыл бар. Қара­қал­пақстан Республикасы өз Кон­ститу­­циясын қабылдауға және қор­ғау­­ға құ­­қылы, өзінің әкімшілік-аймақ­тық бө­лі­ну жүйесін өзі шешеді. Консти­туция­ға сәй­кес, Қарақалпақстан автономиялы Рес­публикасы жалпыхалықтық рефе­рен­­думның негізінде Өзбекстан Респуб­ли­касының құрамынан шыға да алады.
Кейінгі кезде қарақалпақ зиялы­ла­рының арасында да бұл әңгіме жиі қозғалып, өзбек билігінің жылдан-жыл­ға агрессивті сипат алып бара жатқаны ай­тылып жүр.
Статистика бойынша туу деңгейі жақсы болғанымен, басқа Орта Азия мемлекеттерімен салыстырғанда сәби­лердің шетінеу оқиғасы жиі тірке­леді. Бұл Қарақалпақстан террито­рия­сының экологиялық апатты аймаққа жа­та­тын­дығынан болса керек. Қазақстан тарапынан бауырлас қарақалпақ елінің білім беру ісі мен денсаулық сақтау саласына жыл сайын қайтарымсыз кө­мек беру мәселесі жолға қойылса, нұр үстіне нұр болар еді.
Қарақалпақ тілі Қыпшақ тобының қыпшақ-ноғай тармағына жатады. Қа­зақ­­стан, Түрікменстан, Ресей, Ауған­стан­да қарақалпақ ұлтының өкілдері бар.

«Бір атқа екі қамыт сыймас»
Қазақ нақылы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста