Төрт ұлдың үшеуі Раббысына қайтты: Балғынбек Имашев Смановтар әулетіне өлең арнап елді жылатты

Төрт ұлдың үшеуі Раббысына қайтты: Балғынбек Имашев Смановтар әулетіне өлең арнап елді жылатты

Айтыскер ақын Балғынбек Имашев Смановтар әулетіне өлең арнады. Әбдішүкір Сманов, Әбдісаттар Сманов, Әбдіғаппар Сманов өмірден озды. Балғынбек Имашев оларды еске ала отырып, Әбдіжаппар Смановқа ұзақ ғүмыр тіледі.
"Сарыағаш дегенде Судан бұрын Смановтар әулеті есіме түседі. Кеңестік кезеңдегі атеистік дәуірде Қазақтың рухани өзегі, имани нәрі, мұсылмандық қалпы үзілмей, сақталып қалса, ол осы ишандардың тақуалығы мен дұғасының, еңбегі мен құлшылығының себебінен деп білемін. Шәкір ишанның дінге қызметінің, құранға деген құрметі мен сүннетке деген сүйіспеншілігінің жемісі - артындағы төрт перзентінің салихалы болып, қазаққа жасаған еңбегі. Бұл әулеттің бата қонған, дұға дарыған, Хақтың нұры, таңдауы түскен әулет екеніне талай көзім жеткен!

Дін саласында Смановтар әулеті Сарағаштың ғана емес, бар Алаштың "визитная карточкасы" іспетті еді. Бұл ұстаздарды Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресейдің дін ғұламалары мойындап, ерекше құрметтейді. Бағасын білмей жүрген біз ғана.

Төрт ұлдың үшеуі Раббысына қайтты. Әуелі, Әбдішүкір ағамыз, одан соң Әбдісаттар ұстаз, ең кенжесі Әбдіғаппар ағамыз елу жасында өмірден өтті. Ата-ананы сыйлап-құрметтеуді әр уағызында тастамайтын Әбдіғаппар ұстаз ана сыйлаудың да, аға сыйлаудың да ұлы үлгісін көрсетіп кетті", - деп жазды айтыскер парақшасында.

Жақында дін ғалымы Әбдіғаппар Сманов өмірден өткен еді. Арада көп уақыт өтпестен Әбдіжаппар Смановтың ұлы көз жұмды. Смановтар әулеті діндарлығымен танымал. Көпшілі қара жамылған отбасының қайғысы ортақтасып, мыңдаған адам жерлеу рәсіміне барған еді.

Ауыр қаза жайлы ақынның толғанысынан "Олар төртеу еді" атты өлең туды. Бұл туралы айтыскер желіде жариялады.

Олар Төртеу еді,

Бір бауыры - кеменің Желкені еді,
Бір бауыры - мінездің Көркемі еді.
Бір бауыры - ғылымның Өркені еді,
Ең кенжесі Шәкірдің "Тентегі" еді.

Олар Төртеу еді,
Төртеуі де Хас Батыр, Еркек еді!
Төрт Қазыққа төртеуін ел теңеді!
Сарыағаштың Мешіті, Медресесі -
Қазақ Руханиятының ертеңі еді.

Олар Төртеу еді,
Хақтың құлы, елінің Еркелері,
Имамдары, көш бастар Серкелері!
Қалың елі ажалға қимай-қимай,
Өкініштен өзегі өртенеді!

Олар Төртеу еді,
Тағдырлары соншалық келте ме еді?
Неге, неге жақсылар ерте өледі?
Ел алдында ақ жүзді, ардақтылар,
Алла алдында болсыншы Мәртебелі!

Олар Төртеу еді,
Әбдішүкір - жарқ еткен семсер еді,
Әбдіжаппар - ишанға ел сенеді.
Әбдісаттар - ғалымның ең Кемелі,
Әбдіғаппар - білімнің Кертөбелі!

Медресе мен Дін еді кеңселері,
Таухидпенен тік еді еңселері.
Қажыекеңнің қайысып қайғысынан,
Қазықұрты Қазақтың теңселеді.
Олар Төртеу еді... 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста