Танымал әнші Төреғалидің өнердегі әріптесі әрі досы Асылхан Төлепов оның жағымсыз әдеті туралы айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.
Бұл туралы Асылхан Төлепов 31-арнадағы "Айта берсін" бағдарламасында айтты.
Төреғали Төреәлі Темірбек Жүргенов атындағы Өнер Академиясы жанындағы колледждің түлегі екенін көпшілік қауым жақсы біледі. Ол бұл жолы өзі түлеп ұшқан қара шаңыраққа барып, жаңа бейнебаянының түсірілімін жасады. Өнер Академиясына әншімен бірге оқыған группаластары түгел жиналды. Олардың арасында актер Асылхан Төлепов, Кәмшат Жолдыбаеваның сіңлісі Алтынай да бар.
Түсірілім барысында Төреғали Төреәлі өзінің студенттің шағында қандай болғанын айтып берді. Ол өзін бұзықтау болғанын айтты. "Ағылшын, орыс тілдері сабақтарына бармағам. Біреуінің де мұғалімдерін көрмеген екем. Сол кісілерден кешірім сұраймын. Сондай бір аса қатты тәртіпті болған жоқпын",- деп ағынан жарылды әнші.
Төреғалидің қандай студент болғанын оның группаласы актер Асылхан Төлепов те есіне алды. Оның айтуынша, ол сабаққа үнемі кешігіп келіп жүреді екен.
" Төреғали студент кезінде де сабаққа кешігіп келетін. Жаңа съемкаға да екі жарым сағатқа кешігіп келді. Оған қарамастан біз түсіре бердік. Клипте режиссер ол сабаққа кешігіп келгендей әдемі етіп келтіріп жіберді,, - деді ол оның кешігіп келетін әдеті туралы айтып. Дегенмен, Төреғали бұл жаман әдетін өзінің өнері арқылы "жуып-шаяды" екен.
"Төреғали сөзге шешен жігіт қой. Кешіксе де, өз өзін алып шығады. Өлең шығарып, сөзбен қиыстырып құтылып кетеді. Бізде сексенге келген үлкен ағай болды. Сол кісінің сабағына кешігіп келгенде, ол бір парақ қағазға өлең шығарып, сөйтіп құтылып, өзін-өзі ақтап шыққан", - деп есіне алды актер.