Төреғалидің концертінде болған павлодарлық қария әншіні кешіруге шақырды

Төреғалидің концертінде болған павлодарлық қария әншіні кешіруге шақырды

 70 жастағы Павлодар қаласының тұрғыны Әсетолла Медеуов Төреғалидің концертінде болған жағдай туралы айтып берді. Бейнежазбасында қария Жаңа жыл қарсаңында қазақстандықтарды әншіні кешіруге шақырды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Әсетолла Медеуовтың айтуынша, 21 желтоқсан күні жұбайы екеуінің отау құрғанына 49 жыл толған. Осыған орай, ақсақал концертке барған.

«Балконда отырып дауыс көтерген қызылордалық көрерменнің қылығы дұрыс болмады. Ал жас әншінің сахнада айтқаны ашу үстінде болды. Ол албырт жүректі жігіт. Енді қанаттанып келе жатқан талант. Елімді көркейтемін деп жүрген азаматты басып тастау қателік деп есептеймін. Кешірімді болу керек. Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ. Үлкен қариялар оған осы күнге дейін талай батасын берді. «Өркенің өссін» деп тілегін айтты», - дейді 70 жастағы қария.

Сондай-ақ, ақсақал Павлодар облысы билігінің «Төреғали Төреәлі ресми іс-шараларға қатыспайды» деген шешімін асығыс жасалғанын айтады.

«Менің анам жол апатына ұшырап, 12 адамның арасында жалғыз көз жұмды. Жүргізуші болған жиен ағамды соттауға болатын еді. Бірақ қазақта «кешірімді болу», «күншіл болма» деген сөз бар. Оның қасында Төреғалиді кешіруге болады ғой. Ашумен айтылғаны белгілі. Жас баланың жастығы. Сол концертте мүгедек бала фотоға түсуге келді. Төреғали суретке түсті, ол жамандық ойлағаны ма? Қолындағы сәбиі бар бала да суретке түсуге келді. Әнші бас тартпады. Қолтаңбасын да берді, жамандық ойлағаны ма? Адамның жүрегі ашық болуы керек. Ал балкондағы көрерменнің айғай көтеруі орынсыз болды», - дейді ол.

Әсетолла қарияның ойынша, «Ұлы дала баласы» Павлодарға концертпен келіп, халықтан кешірім сұрау керек.

«Бәлкім, ол тегін концертімен келеді ме екен. Тіпті, келмеген жағдайда халықтан кешірім сұрауы керек. 21-і күні болған көрермендерін қайта шақырып, «халқым, артық айтқаным болса, кешіріңдер» деуіне болады. Қыдырәлі Болманов та айтты, әр адам қателеседі. Сондықтан, қазағым өссін десе, әр адам оған кешірімділік танытады», - дейді Әсетолла Медеуов.

Ол өзімен бірге редакцияға болған оқиғаға қатысты жазған хатын ала келген.

Еске салайық, 21 желтоқсан күні Төреғали Төреәлі Павлодар қаласында Естай атындағы мәдениет сарайында «Айхай-25» атты ән кешін өткізген болатын. Концерт кезінде көрермендердің бірі өзін Қызылордадан келгенін айтып, әншіден суретке түсе бермей, ән айтуы керектігін ұрысып айтқан. Сахнада тұрған Төреғалидің жауабы қалың жұртшылыққа ұнамаған болатын. Келесі күні әнші Іnstagram-да тікелей эфирге шығып, жазылушыларынан кешірім сұрады.

baq.kz/

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста