Төреғали Төреәлінің бесінші баласы өмірге келді
Төреғали бесінші рет әке атанды. Жары әншіге шекесі торсықтай ұл сыйлады. Әнші халықтан сүйінші сұрап, қуанышын бөлісті.
"Кәусар қызымыз дүниеге келгенде Хайнаньда болдық. Тоғжантай дүниеге келген кезде Алматы қаласында болдық. Фатима дүниеге келген кезде Қытайда Фошанда болдық. Төренұр дүниеге келді деп естігенде Оралдан Ақтөбеге гастрольдік сапармен барған болатынбыз. Ал бүгін біз Нұр-Сұлтандамыз, ағайын. Сүйінші, ұлды болдық", – деді өнер иесі.
Әнші Аллаға мадақ айтып, шүкіршілік етті.
“Қасиетті жұма күні атұстар ұлмен сүйіншілеген Алла тағалаға сансыз шүкіршіліктер болсын”, – деп жазды ол.
Көпшілік құтты болсын айтып, ақ тілегін арнады.
“Бауы берік болсын, ақ Төреш! Елдің ері болсын”, – деп жазды Сәкен Майғазиев.
“Бауы берік болсын! Өмір жасы ұзақ болсын! Алаштың ардақты азаматына айналсын”, – деп жазды Нартай Аралбайұлы.
“Қандай керемет жаңалық. Бауы берік болсын”, – деп жазды Мөлдір Мұқанова.
“Бауы берік болсын! Аман болсын азамат”, – деп жазды журналист Әйгерім Сейфолла.
Stan.kz