Танымал әнші, айтыскер Төреғали Төреәлі өз хоббиі жайлы айтты, — деп хабарлайдыBaistars.kz . «Дидар» басылымына берген сұхбатында ол домбыра жинайтынын мәлімдеді. «Қолым бос кезде арнайы шеберлерге тапсырыс беріп жасатуға тырысамын. Бұрын Алматыда студент кезімде пәтер жалдап тұрғанда қонаққа келген достарым: «Сенде домбыра жоқ па?» деген кезде біртүрлі болып қалатынмын. Себебі, нағыз қазақ — қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра емес пе?!» — деді әнші.
Сонымен қатар, тыңдармандарының сыйлаған бағалы сыйлықтары жайлы да сөз қозғады. Айтыстан ұтып алған «Тойота 25» көлігін күні кешеге дейін айдағанын жасырмады. Ал жуырда боксшы Бақтияр Артаев оған «Мерседес 221» көлігін сыйға тартыпты. Әзірге әншіге сыйланған ең бағалы сый осы болып тұр екен.