Төреғали Төреәлі мен “Орда” солистерінің арасындағы дау өрши түсті
Айтыскер ақын, әнші Төреғали Төреәлі мен “Орда” тобы солистерінің арасындағы дау өрши түсуде. Бұл дау Ерболат Беделхан жетекшілік ететін “Ninety one” тобының сырт келбетіне байланысты туындаған. Топқа қарсы пікір білдіргендерге бұл жолы Есболат Беделхан жауап қайтарды.
Төреғали Төреәлі аталған топ мүшелерінің киіну стилі қазақ жігітіне тән еместігін айтса, айтыскер ақын Ринат Зайытов пікірін ашық білдіріп, олардың қызтеке еместігіне күмән келтірген.
Өздеріне қарсы айтылған пікірге Ерболат Беделхан түсіністікпен қараса да, топтың стилін өзгертпейтінін айтты. Ал “Орда” тобының тағы бір солисі Есболат Беделхан мұның барлығына “басқаша” жауап беруді жөн көрді. Әнші олармен сөз таластырмастан, біреудің жетегіне ермейтінін суреттері арқылы көрсетті.
“Ринат Зайытов пен Төреғали Төреәлінің менің мүйізіме назар аударғанын қалаймын, гүлге де қарасын. Мүмкін мен жерді жаулап алуға келген раушан тұқымдасбіреу болармын”, – деп әжуалап, қазақ елінің болашақта Күн асты елі секілді адамның сырт келбетіне көп назар аудармайтындай дәрежеге жететінін күтіп жүргенін тілге тиек етті.
Естеріңізге сала кетсек, “Діндарлардың” Ninety One тобының шайтанды “насихаттайтынын” дәлелдегені туралы хабарлаған болатынбыз.