Тоқсаныншы жылдардағы танымал телехикая кейіпкерлері қайда?

Тоқсаныншы жылдардағы танымал телехикая кейіпкерлері қайда?

1.«Байлар да жылайды» 

Өзінің де көзі жастан құрғамайтын, бізді де әр серия сайын жылататын осындай бір туынды есіңізде шығар? Есте болғанда қандай?! Себебі ол сонау 90 жылдары қазақстандық көрерменге жол тартқан тұңғыш көп сериялы телехикая еді ғой. Сондағы басты кейіпкер Марианнаны, кейіннен «Жабайы Розада» Розаны сомдаған актриса Вероника Кастро қайда? Қазір ол қанша жаста? Телехикаядан тыс өмірі қалай өрбіді?
Осы сұраққа жауап іздеп едік, мынадай деректермен ұшырастық. Бүгінде актрисаның жасы 62 де. Сол тоқсаныншы жылдары кино әлемінде жұлдызы жарқырай көрінген Вероникаға содан соң көптеген телеарналар «құда түсіп», ол кісі әжімденген жүзіне бірнеше пластикалық ота жасатып, тележүргізуші болып кетсе керек.

Қанша жерден қоғамға танымал болса да, актрисаның жеке өмірі онша кісі қызығарлықтай емес. Ешкіммен заңды некеде болмапты. Бірақ екі ұлы бар, бірінің аты – Кристиан, екіншісі Мишель дейді. Екеуі де өзінің тегінде. Үлкен ұлы Кристиан Кастро – анасының ізімен өнер жолын қуа керек, бірақ актре емес, әйгілі әнші және сазгер.

2. «Элен және оның құрдастары»  (1992–1994)

Екі жыл бойы ел-жұртты экран алдына телмірткен француздың әйгілі телехикаясындағы басты кейіпкер Элен сол тұста жұтынып тұрған жап-жас қыз болса, бүгінде жасы екі ақ жылсыз 50 де. Байғұс қыз ақ жаулық тақпаған күйі қартайса керек. Жалғыз қалмау үшін Эфиопиядан екі бала асырап алыпты.

3. «Зена»

1998 жылды еске түсіретін осы бір жауынгер қыздың жігітке бергісіз бұлт-бұлт еткен бұлшық еттеріне қарап, бергісіз «Жаңа Зеландияның 1989 жыл аруы» десе, көп адам сене қоймас. Әйгілі актриса Люси Лоулестің ең бір ғажап қасиеті ол тұтас телехикая бойына қандай қиын тұсын болмасын, дублерсіз өзі ойнаған. Қазір ол 46 жаста, үш баланың анасы. Күйеуі Роберт Тейпер - режиссер.

4.«Тропикан қызының құпиясы»

1996 жылы көрсетілген бұл телехикаяның көрермен саны... Енді ше, бір емес бір бірінен аумайтын Рут пен Ракел есімді егіздерді сомдаған Глория Пирес енбегі ұшан теңіз. Бір емес, екі рет отбасын құрып үлгерген оның төрт баласы бар. Актриса осы рөлі үшін өз елінде 1996 жылдың үздік актрисасы атанған.

«Тоғысқан тағдырлар»


1996-2000 жылдар аралығында 465 сериясы көрерменге жол тартқан осы бір тұңғыш отандық телехикаяның ел есінде қалмауы мүмкін емес. Өкініштісі, содан бергі 20 жылдай уақыт аралығында ондағы басты кейіпкерлерді сомдаған көптеген әртістеріміз бүгінде бұл пәниден көшіп үлгеріпті.

Мәселен, Гүлбибі апа - Бикен Римова , Аплатон аға — Қасым Жәкібаев, Тимур Сабыров — Сағи Әшімовтер... 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста