"Толпа" топтан не қайыр?

«Жалғыз айтқан әннің сәні жоқ...» дегендей бүгінде топ көбейгенінен көз сүрінердей. Дуэт, трио, квартет... Жетерлік. Атына заты сай болса айтар әңгіме жоқ қой. Айтайын дегеніміз...
Сонау 2000-шы жылдың басында «АБК» тобы құрылып, көпшіліктің ілтипатына бөленгені есте. Небір керемет әндердің тұсауын кесіп, тамылжыта орындаған үш жігіттің талантына талайлар тәнті болған-ды. Уақыт өте үшеуінің жолы үшке айырылды. Мәңгілік ештеңе жоқ. Дұрыс дескендер де болды. Оның аяғын ала «Музарт» тобының жұлдызы жарқырады. Әсем әндерімен жүректерді тербеп, өнер жолында тер төгіп жүрген үшеу тұғырынан әлі тая қойған жоқ. Тек өзіндік мақамы бөлек Мақсат Базарбаевтың бөлініп кеткені болмаса. «Музарттың» әр облысқа барған гастрольдік сапарларында залдың бос болған кезі жоқ. Әрдайым үштіктің өнерін аса жоғары бағалайтын көпшілік залды лықа толтырады. Тіпті үш сағат бойы тікесінен тік тұрып тамашалауға дайындар әлі де баршылық. Оның ізін ала «Жігіттер» квартеті өнер әлемінде желкенін керді. Нәтижесі жаман болған жоқ. Бұл топтың да өзіндік тыңдаушылары жетіп артылады. Топ болып тер төгіп жүрген жігіттердің еңбегі жоғары бағалауға тұрарлық-ақ...

 

Бұдан кейін шөптің үстіне шыққан мүктей болып топ-топ болып ән шырқайтындар қаптап кетті. Орындау шеберліктері де, репертуарлары да бір-бірінен аумайды. Егіз қозыдай айырғысыз. Тіпті атауларын да ажырата алмай қалатын кездер болады. Жігіттеріміз шаштарын жалбыратып қоя берген. Жарасып тұрса әңгіме жоқ. Түр сипаттары қыздан ауғысыз. Әнші қыздарымыз да қалысар емес, квартеттен бастап, кейде тіпті алты жетіден топтанып шырқайтынды шығарды. Әндері жаңа, жаныңды баурайтын керемет болса, қанекей. Бұрыннан орындалып келе жатқан әндерді жаңаша өңдеп, ысылдап, ыңырсып кеп айтқанда кейде тіпті жоқтау айтып жатқандай әсер қалдыратыны бар. Тіпті оған клип түсіретінін қайтерсіз? Қайран қор болған ақша, қор болған уақыт. Әннің әрін қашыратын ондайларды көргенде «Әп-әдемі ән еді, пұшық шіркін қор қылдыны» амалсыздан айтамыз. Бір топта ән айтқан қызды енді басқа топтың құрамынан көріп қаламыз. Осыдан кейін топтың атын есте сақтап көр. Олардың діттегендері өнер жолын қуу емес, өз сұлулықтарын жарнамалау ма деп қаласың кейде. Ашық-шашық киініп, беттеріне бес тонна бояу жағып, сахна төрінде қылық көрсеткендерін көргенде өз-өзіңнен төмен қарайсың. Ол емес, сен ұяласың... Жарқ-жұрқ етіп, теледидардан да, журнал беттерінен де түспейтін кей топтардың санамалап отырсаң есте қалатын бірді екілі ғана әні бар екен. Сұхбат бергіш солардың кейде «Топтың құрылғанына он жыл толып қалыпты. Үлкен сарайда үлкен концерт бергелі жатырмыз» деп кергиді ғой. Бірді екілі әнмен ғана көпшілікті алдаудың қажеті қанша? Көптің ілтипатына бөлену үшін еңбек етіп, аянбай тер төгу қажеттігін ескермейтіндері өкінішті. Осындай топтарға ізденіс жетпейтін сияқты. Репертуарларын оқтын-оқтын жаңарту жағы кемшін түсіп жатады. Атам заманғы әндерімен бірнеше концертке ұялмай шыға беретіндері де бар. Бір рота сияқты топ-топ болып сахнаға шығатындардың кейде ерсі қылықтарын көріп жерге кірердей ұяласың. Сахна мәдениетінен мақұрым жандардың терлеп тепшіп, құтырына билеп, жынданып айтқан әнін естіп «Ішіп алған ба, шегіп алған ба?» деген ойға қалатының да рас... Көпке топырақ шашпаймыз. Бұл бір қарын майдың обалына қалып жүрген кейбіреулеріне арналған наз...
Қазақтың «Қараторғайын» тамылжыта орындап жүрген «Ялла» ансамбльі өздерінің 25 жылдық мерейтойларын атап өткені есте. Одақ көлемінде аты дүрілдеп шыққан топ әлі де тұғырынан тая қоймаған. Әрдайым жаңа әндерімен көрерменін қуантып отыратын топтың осы уақытқа дейін бірде-бір мүшесі өзгермепті. Сол баяғы құрам. Не деген татулық, не деген ауызбіршілік деп таң қалмасқа шара жоқ. Олардың ең бір ұтқаны нағыз ұлттық тіннен ажырамағандықтары деуге болар. Сахна киімдері әрдайым ұлттық нақышта. Шетке шыққанда айтатын әндерінің сөзі орысша болғанымен, мақамы өзбекше. Жүз жерден айтса да бәрібір ұлттық нақыштан ешуақытта алыстап кетпейді. Сонысымен де ұтады. Шіркін бізде де осындай... деген арманға иек артатын да осы кез...
Соңғы кезде «Қоңыр» тобы көпшіліктің көңілінен шығып жүр. Ұлттық нақышты ұстанғандығынан болар. Эстраданың жөні бөлек, дегенмен ұлттық аспаптарды қосып керемет үйлесім тапқандары қуантады. Халық әндерін нақышына келтіре орындағанда әуесің келетіні рас. Репертуарлары да бай, сахналық киімдеріне де артар кінә жоқ. Риза болғанымыз жуырда топ жетекшісі сұхбат берген-ді. «Клип түсіргелі жатырмыз. Кастинг жариялаған едік. Неше түрлі шаштарын сарыға бояп алған қыздар келеді. Біз ондай қыздардың мазаламауларын сұраймыз. Қазақы болмыс-бітімі бар, инабатты қыздарды түсірсек деген едік...» дейді. Топ жетекшілерінің бәрі осындай болса, қанекей.
Топтың да тобы бар. «Музартқа» ұқсап көптің махаббатына бөленіп, «Жігіттерге» ұқсап жаңа әндерімен қуантып, аянбай еңбек етіп, өнердің киесінен қорқып, тер төгетін топ болса алғыстан басқа айтарымыз жоқ...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста