Тойшанұлының тұңғыш трактаты

Тойшанұлының тұңғыш трактаты

Ұлы көшпенділер қағанатын жаңғыртқан Шыңғысханның кім екендігі, тегі жайында әр кезде әртүрлі талқы өрбіп отырған. Бұл мәселе қазақ қоғамын да бей-жай қалдыра алмасы хақ. Ал Шыңғысхан жайлы жазылған орта ғасыр тарихшыларының еңбегінде түркі-моңғол қатар аталады. Тіпті өз дәуіріндегі әлем тарихы оқулығына айналған атақты Рашидаддиннің «Жылнамасында» да Шыңғысханның түркі-моңғол жұрағатынан тарайтындығы айтылған. Түрік пен моңғол қауымдарының былайша егіз аталуы тегіннен-тегін болмаса керек.

dsc_9930

Ортақ мәдениет қайнарынан бірге сусындаған арғы дәуірді айтпаған күннің өзінде, осынау қос халықтың тұрмысы мен тіршілік-танымында ұқсастықтар көптеп кездеседі. Тек бертінде ғана осынау қос қауымның әртүрлі дінді қабылдауы іргені алшақтата түскені айқын.

Түрік пен моңғолдың егіз аталу себебі неде, бұл екі халықты жақындастырып тұрған не, ортақ құндылықтары қайсы дегенде нақты бір зерттеудің аздығы біршама түйінді шешуге қолбайлау болып келгені анық. Зерттеу болған күннің өзінде сырттың саясаты мен бөгденің ықпалымен жазылған дүниелер ғана қолға ілігіп жататын. Міне, осындай жағдайда танымның төркіні мифтік санада жатыр десек, сол олқылықтың орнын толтыруға бүгінде қазақ ғылымы да қадам басып отыр.

Таяуда «Баспалар үйі» АҚ баспасынан «Түрік-моңғол мифологиясы» атты ғылыми-зерттеу еңбегі жарық көрді. Бұл – Жазушылар одағының мүшесі, ақын, филология ғылымының кандидаты Ақеділ Тойшанұлының осы тақырыптағы негізгі қағидаттар тұжырымдалған алғашқы зерттеу еңбегі. Ғылым және білім министрлігі М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми кеңесі ұсынған бұл кітапта қазақ ғылымында бұрын-соңды кеңінен қамтылмаған өзекті тақырып кеңінен талқыланады.

Түркі мифологиясын зерттеуге кезінде Шоқан алғаш қалам тартса, одан кейінгі кезек Х. Досмұхамедұлы, М. Әуезов тәрізді Алаш қайраткерлеріне тиді. Бертінде С. Қасқабасов арнайы зерттеу жүргізе отырып, мифтің фольклорлық жанр екендігін анықтады. Осы орайда А. Тойшанұлының аталған кітабы ғылымдағы дәстүр сабақтастығын айқындайтын зерттеу еңбектерінің қатарын толықтыра түседі. Мұнда этиологиялық мифтердің типологиясы анықталып, кейбір мифтердің ортақ және дара белгілері сараланады. Автор космогениялық мифтердің ара-жігін айқындай келіп, киіз туырлықты халықтардың санасындағы киіз туралы мифологиялық сарын мен оның түпкі мәнін ажыратып көрсетуге тырысады.
Атаулы еңбекте қазақ пен моңғол танымы негізінде түркі-моңғол мифологиясының мәселелері талқыланады. Оның өзара үндестігі мен айырмашылығы, мифтік бейнелердің бүгінгі мәдениетке әсері мен ықпалы салыстырылып, сарапталады. Бұл жағынан алғанда зерттеу Еуразия даласын мекендеген халықтардың арғы-бергі тарихын айқындауда қаперге алынуы тиіс бағдар-бағыттардан да хабар береді.

Мифтің ұлт санасымен қатар тұрмысындағы орны турасында да байыпты пайымдаған А. Тойшанұлы бұл еңбегінде өзіндік топшылаулар түйіп, мәселені тереңнен талдауға талпынады. Басқасын былай қойғанда, мифологиялық материалдарды кешенді түрде жинақтап, сараптау да осы еңбектің үлесіне тигендей.

Белгілі бір елдің ұлттық бейнесін тану үшін бірінші кезекте оның фольклорына ой жүгірту керек болады. Осы арқылы сол елдің таным көкжиегі мен тарихы айқындалып, күллі адамзат игілігіне қосқан үлесі де сараланады. Сондықтан танымның төркіні ел жадындағы мифтен бастау алатындығын үнемі ескеріп отыру керек болады.

Ақеділ Тойшанұлының «Түрік-моңғол мифологиясы» еңбегі міне, осындай ойларға жетелейді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста