Әлеуметтік желілерде той кезінде лезгинка билеген қыз баланың видеосы тарап кеткен. Биді шебер орындаған балақай көпшілікті өнерімен тәнті еткен.
Видеоны қыз баланың анасы жүктеп, “Менің қызым Жәмилә залды лезгинкамен жарды” деген жазба қалдырған. Балақай тойда билеуге кіріскенде өнеріне тамсанған той қонақтары оған ақшаларын жаудыруға кіріседі.
Ақырында кішкентай қыз баланың келіннің бетін ашқан асабадан кем емес қаржы жинағанын байқауға болады.
nur.kz