Той-бизнес: Қазақ тойларында халық қандай әндерді жиі сұрайды

Осыдан біраз бұрын әртістер той-бизнеске қатысы барын дүйім жұрттан жасырып келді. Әйтсе де, уақыт көрсеткендей, тойдан табыс табудан Ақылбек Жеменей де, шетелдік жұлдыз Канье Уэст те бас тартпайды. Отандық жұлдыздар NUR.KZ  ілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында түрлі мерекелік шараларда қандай хит әндердің көп сұранысқа ие болатынын айтып берді.

Сауық кештері туралы сөз қозғағанда, бәрі сұралып отырған қаламақының сомасына келіп тіреледі. Бұл мәселе мерекелік кештің қай аймақта болатынына және өткізілетін уақытына тікелей байланысты. Мәселен Атырау өңірі баға көрсеткіші бойынша басқа аймақтардан оқ бойы озық тұр. Аталмыш қалада өнер көрсету тіпті Астана мен Алматыдан да асып түседі.

Ал Шымкентте өткізілетін шаралар жиі сұранысқа ие болатыны ешкімге жасырын емес. Мұндағы дүркіреп өткізілетін тойлардан бір мезетте бірнеше танымал әншіні кездестіруге болады.

 

Орта есеппен алғанда, қазақстандық әртістердің қаламақысының бағамдық көрсеткіші 3000 доллардан басталады. Әр музыканттың қаламақысына, жеңілдіктерге және райдерге қатысты қолданатын өз саясаты бар.

Бүгінде орындаушылардың үздіксіз шырқалатын, өзгермейтін өзіндік ән шоғыры қалыптасып үлгерген. Себебі сауық кештерінде халық көбінесе суперхиттерді сұрап жатады. Егер халықтың қалауы сол болса, бір кеште Әлішер Кәрімов “Тағыда” және “Келемін саған” әндерін бірнеше рет орындауға әзір. Әнші бір әнін ең көп дегенде үш рет шырқайды.

“Бір әнді үш реттен артық орындасақ, ол “Қызыл өрік” пен “Ақ Маржан” әндерінің деңгейі болып кетеді, – дейді Әлішер Кәрімов.

 

Дәл осындай күй Айқынның да басынан жиі өтеді. Әншінің хитіне айналған “Пах-Пах” әні басқосуларда көп орындалатыны бәріне аян.

Сонымен, халық билеуден шаршамаса, орындаушылар әсерлі әндерін айтудан жалықпайды. Еліміздің халық әртісі Мақпал Жүнісова біршама әнін “қонақкәде” ретінде орындап, тойға келген қонақтармен бірге билеуге де дайын.

 

“Көп жағдайларда, адамдар билеуге икемді әндерді сұрайды. Өйткені, олар жақсылап көңіл көтергісі келеді. Бірақ, жұртшылық патриоттық әндерді де естен шығармайды. “Туған жер” әнін айтуды жиі сұрап жатады”, – дейді әнші Бүркіт. Соңғы жылдары Бүркіттің “Бәрі жақсы болады” және “Тау Тау Сезім” әндерінсіз ешбір той өткізілмейді.

Көңілді, мағынасы қарапайым әрі жеңіл әндер қазақ тойларында көп шырқалады. Мұндай әндердің орындаушылары бір күннің ішінде атағы жаһанға жайылып, қаламақылары аспандап шыға келеді.

 

“Қызыл өрік”, “Мария Магдалена” (Чип чип чип), “Аспанға” және “Ақ Маржан” секілді әндер бір тойда бес рет, тіпті жеті рет қайталанып қойылады. Әртістердің айтуынша, кейде бұл үрдістің шаршатып жіберетіні рас.

Ұйымдастырушылар мен мерекелік шаралардың қонақтары әншілерді бірнеше рет қайталап ән айтқызбай, тойдан жібермейді. Мысалы, танымал “КешYOU” тобының арулары “Махаббат”, “Ризамын”, “Армандаймын” әндерін қайталап айтатын кездері аз емес.

“Бір ұжымдық кеште қыздарымыз “Махаббат” әнін тоғыз рет орындаған. Әзірге бұл біздің тәжірибеміздегі рекордтық көрсеткіш” , – дейді топ директоры Назым Басқынбаева.

Тапсырыс берушілердің мұндай өтініштері Қайрат Нұртасты да таңғалдырмайды. Мұнан басқа, қазақстандық эстраданың жарық жұлдызы сұхбатында халықтың әншіден орыс хиттерін айтып беруін сұраған кездерін әңгімелеген болатын. Қайрат Нұртастың атақты “Белые Розы” хитін орындау сәтін ғаламтордан табуға болады.

 

Шетелдік әртістер де салтанатты кештерде ақша табуды қош көреді. Өткен жылы әйгілі америкалық рэп орындаушысы, тележұлдыз Ким Кардашьянның күйеуі Канье Уэстің Айсұлтан Назарбаевтың тойында өнер көрсетуі жұртты дүр сілкіндірген еді. Қауесеттерге сенсек, әншінің қаламақысы үш миллион долларды құраған.

NUR.KZ

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста