Тілге қызмет — елге қызмет

Еліміз егемендік алып, дербес ел болғалы тіл мәселесі үнемі күн тәртібінен түспей келеді. Бірақ нәтиже шамалы. Бүгінгі таңда өзге ұлт өкілдері тұрмақ, қазақтардың өзінің қазақ тілінде сөйлеуге ниет танытпай отырғаны ащы шындық. Мұның себебі неде? Ол — мектептердегі, әсіресе орыс мектептеріндегі патриоттық тәрбиенің жетіспеушілігінен, сонымен қатар қоғамдағы қазақ тіліне деген көзқарастың әлі де дұрыс болмауынан туындап отыр.

Мен 15 жыл бойы қазақ тілі әдебиеті пәнінен орыс мектебінде сабақ беріп келемін. Кеңес өкіметі кезінде орыс тілін жетік білу саясаты қарқынды болғаны рас. Қазір Тәуелсіз ел болғанымызға 23 жыл болды ғой. Алайда орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту жүйесі сол кеңестік кезден бері өзгерген жоқ. Бір сыныпта екі-үш орыс отырса, міндетті түрде қазақ баласына ана тілін орысша үйретеміз. Бұл – өте сұмдық, парадокс дүние. Осының салдарынан орыс мектебіндегі қазақ балаларына өзінің ана тілі жат болып отыр. Сондықтан қазақ тілі пәнінің мұғалімдері тілге қызмет етуі керек. Барлық жан дүниесімен жұмыс істеуі қажет. Сонда қазақ тілінің қолданылу аясы кеңейіп, қазақ тілінің беделі көтеріледі.

Осы келеңсіздікті жоюдың бір-ақ жолы бар, ол — бүгінгі жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін өсіру, ұлттық дүниетанымын байыту, сол арқылы халық тағылымдарын бойына сіңіру. Жас ұрпақты өз халқын, елін, жерін, әдеби-мәдени мұраларын сүюге, отаншылдыққа тәрбиелеуді, халқымыздың салт-дәстүрлерін, даналығын, тұрмыс-тіршілігін танытуды дұрыс жолға қоя білуіміз керек. Осы ретте 2008 жылы Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қоры қазақ тілін дамыту бағытында ең үздік жобаға конкурс жариялаған болатын. Сонда менің «Тілге қызмет – елге қызмет» деп аталатын жобам 125 жобаның ішінде үздік деп танылып, Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қорының грантына ие болды.

Жоба 2008 жылы желтоқсан айында Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қорында бекітіліп, Астана қаласының әкімшілігіне ұсынылды. 2009 жылдың ақпан айынан бастап Астана қалалық білім басқармасының бұйрығымен қаланың 12 мектебіне эксперимент ретінде енгізіліп, бүгінгі таңда өз жұмысын жалғастыруда. Жобаға қолдау көрсетуші Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қоры болып табылады. Мектептерге енгізілгеніне көп уақыт болмаса да, бұл жоба өзінің оң нәтижесін беріп, бүгінгі таңда республика мұғалімдерінің қызығушылығын тудырып отыр.

Жобаның негізгі идеясы: өз халқын, елін, жерін, әдеби-мәдени мұраларын сүйетін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу, қоғамда ұлттық идеологияны қалыптастыру.

Жобаның мақсаты: танымдық материалдар арқылы қазақ және өзге ұлт өкілдері балаларының қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыру, патриоттық тәрбие беру.

Міндеттері:

– Жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін тәрбиелеп, ұлттық дүниетанымын байыту, сол арқылы халық тағылымдарын бойына сіңіру.

– Танымдық материалдар арқылы балаларға халқымыздың өнерін, әдебиетін, мәдениетін, тарихын терең меңгерту.

– Оқыту мен тәрбие берудегі танымдық материалдардың орны, білімдік және тәрбиелік мәні мен мүмкіндіктерін ұтымды пайдалану.

–Оқушылардың халқымыздың салт-дәстүріне, ұлттық дүниетанымына, тұрмысы мен мәдениетіне деген аялы көзқарасын қалыптастыру.

– Балалардың кез келген ортада тіл мәдениеті мен сөйлеу шеберлігін дамыту.

– Озық технологияларды кеңінен пайдалана отырып, мемлекеттік тілді жетік меңгерту.

Жаңашылдығы: жоба аясында көтеріліп отырған мәселелерді шешудің мүмкіндіктері жан-жақты қарастырылып, бүгінгі күннің өзекті проблемасына айналып отырған тіл мәселесін шешудің кешенді бағдарламасы жасалып, бұл бағдарлама эксперименттік алаң, ата-аналармен жұмыс, мұғалімдермен жұмыс түрлерінде өз жалғасын табуда.

Практикалық мәні: жоба аясында жинақталған танымдық материалдар мен жүргізілген жұмыс түрлерінің бағдарламасын қала мектептерінің мұғалімдері өз жұмыстарында пайдалана алады.

Жобадан күтілетін нәтиже: жоба аясында жүргізілген жұмыстар қазақ және өзге ұлт өкілдеріне халқымыздың салт-дәстүрлерін насихаттау, танымдық материалдардың көмегімен олардың тіл үйренуге деген қызығушылығын арттыру, патриоттық тәрбие мен қазақ тіліне қатысты өзекті проблемаларды шешуде өзінің оң нәтижесін береді деп үміттенеміз.

Осы жобаның аясында 2009 жылдың қазан айында «Қазақ тілі мен әдебиеті оқытушыларының қауымдастығы» корпоративтік қоры құрылып, қордың жарғысында белгіленген мақсаты мен міндеттері ҚР Білім және ғылым министрлігінде қолдау тауып, екіжақты Меморандум әзірленуде.

Енді қордың құрылу мақсатына қысқаша тоқтала кетсек, қордың негізгі жұмысы – мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосу және қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушыларының біліктілік деңгейін көтеру болмақ. Сонымен қатар мұғалімдердің әлеуметтік-құқықтық мүдделерін қорғау да басты назарда болады.

Қалай десек те, жас ұрпақтың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру – ең абыройлы іс. Бұл ретте Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қорының қаржылай көмегімен «Аялы алақан» кешенді жобасы бойынша  балалар үйлерінде өз жұмысымызды бастап кеттік. Әрине, бағдарлама бойынша балалар үйінде қазақ тілі оқытылады. Алайда ол жеткіліксіз. Әке-шешесін көрмей өскен ұл-қыздарға тәрбие арқылы, қазақтың күмбірлеген күйі арқылы тілді насихаттау басты парызымыз деп ұқтық.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста