Тілге құрмет – мектептен

Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие ана тілімізге құрмет мектептен басталады. Алматыдағы №60 мектеп-гимназияда «Тілге құрмет – елге құрмет» атты қазақ тілінің онкүндігі салтанатты түрде ашылды. Бұл шара еліміз Тәуелсіздігіне 20 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.
Онкүндіктің алғашқы қадамы «Алатау» күйімен басталды. Бұдан кейін оқушылар «Көңілашар», «Секіртпе», «Адай» күйлерін ойнап, «Қара жорға» биін биледі. Шараға қала әкімдігі де қолдау білдіріп, арнайы қатысқан екен. Өнер көрсеткен ұлты орыс, баш­құрт, шешен, украин балалары бұл ша­ра­ға ерекше дайындықпен келген екен. Олар қазақ тілінде патриоттық өлеңдер оқып, қазақ тілінде ән айтты. 1973 жылы ашыл­ған мектеп-гимназия көптеген білім са­йысында олжа еншілепті. Мектеп әкім­шілігі оқушылардың жан-жақты білім алуына барлық жағдай жасалғанын ай­тады. Мәселен, 1500 оқушысы бар мектеп-гимназия – қазірде «Алматы қаласының бәсекеге қабілетті 50 мектебі» конкурсының қатысушысы. Мектеп мынадай бес бағытта білім береді: физика-математикалық, экономикалық, гуманитарлық, жара­ты­лыстану ғылымдары және музыкалық білім беру.
Шарапат Ізбасарова, №60 мектеп-гимназияның директоры:
– Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 20 жыл толып отыр. Осыған байланысты бүгін тіл онкүндігі ашылып жатыр. Бұл шараны қолдап көптеген қонақтар келді. Балалар 10 күн бойы қазақша сөйлейді. Концерт өткізіп, өз өнерлерін көрсетті. Ата-аналар да келіп, тілектерін білдіріп жатыр. Алдағы уақытта ана тіліміз туралы көптеген диспут, дебат, дөңгелек үстел, ашық сабақтар өткізуді жоспарлап отырмыз. Түлектеріміз Ұлттық бірыңғай тесті бір пәннен 21 деген орташа балмен тапсырды. Бұл – біз үшін өте жақсы көрсеткіш.   

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста