Темірхан ақынды тыңдады

Темірхан ақынды тыңдады

Диалог Еуразия платфор­масының «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» аталатын әдеби-танымдық жобасы аясында «da Қазақстан» журналының редак­циясында кезекті бір кездесу болып өтті.
Әдеби кездесудің бұл жолғы басты қонағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері, қа­зақтың көрнекті ақыны Темірхан Медет­бек болды. Ақынның сөзін тыңдауға біраз қаламгерлер мен студент жастар жиналды. Көне түркілік сарындарды бүгінгі поэзия­мен ұштастырып жүрген ақынмен болған кездесуді белгілі жазушы-аудар­машы, ұйым жетекшісі Мәлік Отарбаев кіріспе сөзбен ашып, жүргізіп отырды. Оқырман­дар алдында көптеген сұрақтарға жауап берген ақын Темірхан Медетбекұлы, қазіргі ұлттық руханият төңірегінде, қазақ өлеңін­дегі жаңашылдықтар туралы аз-кем өз ой-пікірін ортаға салды. Кездесу барысында ақын тебірене жыр оқып, кейінгі жас буын қалам иелерінің де өлеңдері мен ұсыныс, тілектеріне құлақ түрді.
Кезінде әдеби ортада үлкен резонанс тудырған «Алтын көпірліктер» атты сын-мақала жазған қайраткер ақын, бұл жолы да артынан ерген қаламгер іні-қарын­дас­тарына ілтипат білдіріп, қайратты сөздер айтты. Өзара пікір алмасу мен екіжақты диалогқа құрылған кездесуді «da Қазақ­стан» журналының бас редакторы, талант­ты ақын Дәулетбек Байтұрсынұлы қоры­тын­дылап, Темірхан Медетбекұлының редак­цияға сыйлаған үш томдық кітабын қабыл алды. Кешті ұйымдастырушылар қазақ әдебиеті мен мәдениетінің қалып­тасып, дамуына өзіндік үлес қосып жүрген шығармашылық адамдарымен кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табатындығын айтып өтті.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста