Тектілік феномені

Алматыдағы «Жібек жолы» баспасынан жақында «Мұхтар Әуезовтің ататегі» атты құнды кітап жарыққа шықты. Авторы – Сейітомар Саттаров, шығарушы – Мұхтар Әуезов қоры, бұл қор­дың директоры – Мұрат Әуезов. Осы деректі атаудың бәрі қазақ халқы үшін ерекше ыстық һәм символдық мәнге ие. Ғасырлар шеруінің керуені қазақ сахарасына тартқан асыл қазынасының кілті – ислам діні.
Дүниежүзіндегі ешбір этнос бір рудан, жалғыз ататектен құралмайды. Кәрі тарих куә, туған қарындасына үйле­нетін Мысыр перғауындары не болды?! Құрып тынды. Араб нәсілінен шыққан Ханафия ұрпағы ислам аша келгенде, өздері ажам жұрты деп атаған ұлыстардан дінге лайық­ты­ла­ры­на бір­жола сіңіп кетті. Қасиетті Түркістан өлкесіне келіп орныққан қожалар бүгін­де қазақ халқының құрамында берік орнық­қан. Этнограф-ғалым, жазушы, марқұм Ақселеу Сейдімбек қазақтықтың асыл өзегін танып, ұлтына теңдесі жоқ ұйытқы кітап «Қазақтың ауызша тарихы» – ұлы ше­жі­ресін мұраға қалдырды. Қарға та­мырлы қазақ – біртұтас ұлт. Бір-біріне ешбір бөтені жоқ, үш жүзі, жүзге кірмейтін рулар, қожасы мен төресі – бәрі бір қазақ екенін Алаштың Ақселеуі таңбалап кетті. Расы – сол.
Арқаға қожа нәсілін алып келген най­ман-сыбан мен арғын-тобықты баласы екен. Бұл кітаптың ерекшелігі – Мұхтар Әуезовтің ататегіне  байланысты мәліметтер жалаң де­ректерге байланбайды. Әзіреті Әліге бай­ланысты мол дерек, Түркістан, Құл Қожа Ахмет Ясауи хикметтерінің ғылыми баяны, сопылық, ислам дінінің қағидалары туралы танымдық дүниелер мұқият бе­ріл­ген.
Қоңыр – қазақ табиғатының бол­мысын айғақтайтын, әсілі дүние­та­нымдық сөз. Әуездің Омарханын айналасы «жақсы қоңыр» атаған екен. Венгр қыпшақтарының ұрпағы, қазақ елін атажұртым деп таныған ғалымның есімі де – Иштван Қоңыр. Қазақ қоңырды сүйеді. Мұхтар Әуезовті қазақ әдебиетінің классигі дей салу аз. Ол – ұлт тұл­ғасы, тегімен, дарынымен тарихи дәуір туд­ырған алыптар шоғырынан. Нәресте Мұх­тар Бөріліде шыр етіп дүниеге келуінен хакім Абайдың жұлдызы жарқырап, туған хал­қына қос перзенті рухани шырақ болып, ақ­жол көрсетумен келеді.



 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста