Театрдан қатты көңiлiм қалды...

Театрдан қатты көңiлiм қалды...

«Алаш айнасы» газетiнiң 27 наурыз күнгi 41 санында жарық көрген «Театрдың билетi неге арзан?» деген мақалаға орай өз ойымды қосқым келедi.
Театрдың ең басты мақсаты – халыққа өзiндiк және әлемдiк мұраны жеткiзу, сондықтан да билеттердiң бағасы халық қалтасына сай болуы қажет. 5000-6000 теңгелiк билетпен жарты залды да жинай алмайтын театр кiмге керек? Әрине, Еуропа елдерiнде Францияның «Мулен Руж» сияқты элитарлы, пайданы тек билет сатылымынан табатын театрлар көп кездеседi (айтпақшы, «Мулен Руждың» ең арзан билетi 145 евро тұрады – ред). Бiрақ бiз оларды өзiмiзбен салыстыра алмаймыз, өйткенi бiздiң елiмiздiң, онымен қоса театрымыздың дамуы мүлдем басқа заңдылықтарға бағынған.
Мен 2008 жылдың қараша айында өзiм бастан кешкен бiр оқиғаны баяндап берейiн. Бiр жексенбiде мен, әпкем және құрбым үшеумiз М.Әуезов драма театрына барайық деген шешiм қабылдадық. Әрине, кассада билеттердiң жоқ екенiн бiлiп,  «200 теңгенiң билетi 600 теңге болады-ау» деп болжап, қолдан сатып алуға келiстiк. Бiрақ сол күнгi жоспарымыз, өкiнiшке қарай, орындалмады. Спектакль басталуынан 1 сағат бұрын келсек, театр ғимаратының алдына халық көп келгенiн көрдiк. Сұрастырып көрсек, тек бiрен-саран адамда билет бар екен. Күздiң соңғы күндерiнде күн ерте батып, қарашаның қара суық ызғары бiлiне бастады. Жаурағанына қарамастан, театрға келген жастар әлi келмеген билет сатушыларын күтiп тұр. Жарты сағат өткен соң, кiру есiгiнен арырақ бiр жерде ду еткен дауыстар естiлдi. Қарасақ, адамдар бiрiн-бiрi итерiп, билеттерге таласып жатыр. Қастарына жақындап байқасам, билет сатып жатқан бiр кiшкентай орысша сөйлеп қалған әйел қойнына бiрнеше билеттi тығып, бес есе бағасына сатып жатыр. Сатқанда да ұрланып, адамдардан қашып жүрiп, билеттердi әрең берiп жатыр. Қасына тiптi жолай алмайсың. Айналасында көбiнесе жiгiттер оған жалынып, жалбарынып жүр. Қолындағы билет бiте салысымен, әлгi әйел тез театр iшiне кiрiп, тағы бiраз билет алып шықты. Барған сайын олардың да бағасы өсiп келедi. Ендi 200 теңгенiң билетiнiң құны 1400 теңгеге өстi. Оған қарамастан, оларды адамдар таласып алып жүр. Бойшаңдары менi итерiп, жиын сыртына шығарып тастады. Сыпайы қатынасқа үйренген мен үшiн бұл мәдениет орталығының алдында болған ең ұсқынсыз көрiнiс болды. Алыпсатар әйел өзiн билет емес, алтынды тегiн берiп жатқан адамдай ұстайды. Не керек, тура спектакль басталғанда, мен де тырысып жүрiп оның қасына жеттiм.
Бiрақ оның мiз бақпай «четыре тысячи» дегенiнен шошып кеттiм. Жүгiрiп, әпкеммен ақылдасуға келдiм. Ол маған сөзiн берiп қойған соң, ұялғанынан келiстi. Ендi әлгi әйелге қайтып барсам, ол менi бiрiншi рет көрiп тұрған адамдай, үш билетке 4500 теңге сұрады. Мұндай бағаны қалтамыз көтермеген соң, бiзге театр қасындағы бiр ойын-сауық орталығына барып көңiл көтеруге тура келдi.
Осы оқиғадан кейiн менiң қазақ театрынан қатты көңiлiм қалды.

Алаш анықтамалығы
Талғат ҚАМҚАБАЙҰЛЫ, М.Әуезов атындағы академиялық драма театры директорының орынбасары:
– Театр қойылымдарының билеттерiн алыпсатарлар кассадан сатып алып, үстеме бағамен сататынынан хабардармыз. Кейде көрермендерiмiз сырттағы билеттердiң қымбаттығына байланысты наразылықтарын айтып келiп жатады. Оларға «алыпсатарлардың қолынан билет алмаңыздар» дегеннен басқа не айтамыз? Театрда бiр қойылым бiрнеше рет қайталанады. Қалаған қойылымына бүгiнге билет жоқ болса, ертеңге алсын. Сонда алыпсатарлардың билеттерi өтпегеннен, олар да бұл әрекеттерiн қояды. Ал театр басшылығы тарапынан алыпсатарларға бiрнеше рет шара қолданылды. Театр аумағынан олар талай рет қуылды. Бiрақ бiз кiмнiң қандай мақсатта, кiм арқылы, қалай билет сатып алып жатқанын ылғи қадағалап отыра алмаймыз ғой. Мысалы, бiр студент келiп, 10 билет алады. Оған не деп дүрсе қоя бересiң? Сондықтан мұндай жағдайда көрермендерiмiздiң өзi алыпсатарлардың саудаларының жүруiне жол бермеуi керек.

Абылайхан БЕКҰЛЫ:
– Жақында баламды ертiп театрға барған едiм, өте бiр келеңсiз жағдайға тап болып, көңiлiм құлазып қайттым. Балам екеумiз қойылым басталардан жарты сағаттай бұрын барып, билет iздегенiмiзде, алдымызды алыпсатарлар кес-кестеп, қолдарындағы билеттi екi-үш есе бағасына ұсынды. Жақсы, бұған да көндiк. Таласып-тармасып, ес кетiп, жан шыққанда, алыпсатарлардың қолынан 800 теңгеден екi билеттi де алдық. Қолымыздағы билетiмiзбен театрға кiре бергенiмiзде есiк алдында тұрған қадағалаушылар билеттiң келесi бетiнде көрсетiлген мерзiмнiң өтiп кеткенiн айтып, бiздi есiктен аттатпай керi қайтарды. Сонша ақ тер, көк тер болып билет алғанымызды, оған кеткен 1600 теңгенi де қойшы, билетiмiздiң жарамай қалғанына, қойылымды балама көрсете алмай қайтқаныма iшiм ашыды.
Әлияш ТУБИНА, Алматы қалалық қаржы полициясының баспасөз қызметкерi:
– Бiзге осы уақытқа дейiн ешбiр мәдениет ошағынан алыпсатарларға қатысты шағым түскен емес. Егер көрермендерден, театр, концерт залдары секiлдi ұжымдардан осы мәселеге қатысты шағым түскен жағдайда, бiз мiндеттi түрде мәселенiң бүге-шiгесiне дейiн тергеп-тексерiп, айыптыларға шара қолданар едiк. Алыпсатарлардың билет бағасын нақты не себептi көтергенi анықталғаннан кейiн ғана қандай шара қолданылатыны белгiлi болады. Заң бойынша, мұндай жағдайда айыптылар әкiмшiлiк жазаға тартылуы тиiс. Алайда осы уақытқа дейiн қаржы полициясына бұл мәселеге қатысты ешқандай шағым түспегенiне қарағанда, мәдениет ұжымдары бiздiң көмегiмiзге онша зәру емес секiлдi. Демек, билеттерiнiң қымбат бағада сатылғанына аталған ұжымдардың өздерi де мүдделi деген ойға қаласың.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста