Табиғат маусымына ғана емес, дәл қазір еліміздің театр саласына да көктем келген сыңайлы. М.Әуезов атындағы әкемтеатрда «Театр көктемі» фестивалі өз мәресіне жетіп жатса, күні кеше Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында 2012 жылдың «Жыл үздіктерін» марапаттау рәсімі болып өтті. Оны ұйымдастырушы аталған театр және Алматы қалалық театр кеңесі. Директоры – Есмұқан Обаев.
Алматы қаласындағы барлық театр басшыларымен қатар, Камал Ормантаев, Төрегелді Шарманов және Әбдіжәміл Нұрпейісов сынды үш абыз арнайы келген бұл марапаттауда сонымен кімдер үздік атанды?
1.Қазақтың мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театрынан – актриса Ләззат Қалдыбекова мен соңғы жылдарда «Ағайындылар», «Ликвидатор» сынды кинолар арқылы миллиондаған көрерменге танылып үлгерген белгілі киноактер Берік Айтжанов;
2.М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрынан – актриса Ирина Лебсак пен актер М.Токарев;
3.Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрынан – ҚР еңбек сіңірген әртісі Лидия Кәденова және жас актер Мерей Әжібеков;
4.Алматы қаласындағы Корей музыкалық комедия театрынан – актриса Нина Дюк және Антонина Пак;
5.Республикалық неміс драма театрынан – актриса Лариса Фадеева және Илья Садыковтар марапатталды.
Сондай-ақ бұл марапаттауда Алматы қаласындағы мемлекеттік ойыншықтар театрының да әртістері тыс қалған жоқ.
Театр саласының «Жыл үздіктері» анықталды
Последние статьи автора