Театр режиссерсіз қалды

Шымкенттегі Жұмат Шанин атындағы Қазақ драма театры 80-ші мерейтойлы маусымашар қарсаңында көркемдік жетек­шісіз қалды. Себеп –  театрдың бұрынғы режиссері Ерғали Оразымбетов пен облыстық мәдениет басқармасы жасасқан келісімшарт мерзімі үстіміздегі жылдың 3 қаңтарында тоқта­тыл­ды. Ал келісімшарт ары қа­рай неге ұзартылмады? Е.Оразымбетовпен әрі қарай жұмыс істеуді жалғастырудан облыстық мәдениет басқармасы неге бас тартты?
Ж.Шанин атындағы Қазақ драма теат­ры­ның директоры Бастарбек Пірімбетовтің айтуынша, ұжымдағы әртістердің ойын саралап, оларға бағыт-бағдар беру осы лауазымдағы қызметкердің құзырында. Ұжымның шеберлігін шыңдау үшін режис­сер тер төгуі керек. Алайда бұл қызметтерді Оразымбетов мырза атқара алмаған. Жұмысқа сағат 11-де келіп, 4-те қайтып кетіп отырған. Басшылықтың сөзіне сенсек, жаңажылдық қойылымдар кезінде де режиссер ұжымды аз ренжітпеген сыңай­лы. Соңғы кезде театр жұмысына көрер­мендер тарапынан көптеген сын-ескерт­пелер де айтылыпты. Алайда жауапты маман сыннан қорытынды шығара алмаған екен. Бүгінде шығармашылық ұжымның пікірі екіге айырылып отыр. Бір тарап режиссердің жұмысын тоқтатуын құп көрсе, екінші тарап Е.Оразымбетовтің шығармашылық қабілетінің арқасында талай биікті бағындырдық және алда одан да биік асуларды аламыз деген пікірде.
Театр ұжымы осы жайтқа қатысты БАҚ өкілдеріне арнап баспасөз мәслихатын өткізді. Жиналғандардың дені Ерғали Оразымбетовтің көркемдік жетекші қыз­метін атқаруына қарсы шықты. Ал ұжым­дық мәселенің себепкері болған «кейіпкер» тартысқа толы басқосуда төбе көрсеткен жоқ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста