Тәжіктер тойға тыйым салып жатса, қазақтар той өткізудің жаңа түрін ойлап табуда

Бірнеше жыл бұрын тәжіктер, артынша көршіміз қырғыздар іле шала өзбек ағайындар аста төк дастархан жасап, той жасауға тыйым салды. Қырғыздар жылына 41 миллион доллар немесе 2 миллиард сом қаражатты тойға жұмсайтындарын біле сала, той шығындарын қысқарту, той уақытына лимит қою секілді мәселелерді қатар көтеріп, Үкіметке тұрғындардың ақшасын желге ұшырмау туралы заң жобасы ұсынылды. Айта кетер жайт бұл қырғыздардың басы артық мерекелер мен аста-төк тойға кететін шығындарды қысқарту туралы көтерген алғашқы бастамасы емес. Осыған дейін де бірнеше рет дүркіретіп той өткізуге шектеу қойған болатын. Тіпті үкіметтің шешімін күтпей-ақ, кей ауыл ақсақалдары аста-төк тойға өздерінше тосқауыл қойған кездері де болған. Той жасау мен тойға шашылу жағынан біздер де басқалардан асып түспесек, кем түспейміз.

Тіпті тойбастарды тойхананың ішіне лимузинмен кіргізіп, тікұшақпен шашу шашып, шаңырақ көтерген жастар жерді қойып көкте тікұшақпен серуендеп, танысулары жайлы шағын фильм түсіріп, мүмкіндігінше той даңқын бір бірінен асыруға тырысып-ақ жатыр. Орташа есеппен бір тойға кететін шығын 2 миллионнан басталады екен. Яғни елімізде 2 миллионға қыз ұзатып, келін түсіріп жүргендер де, басқа шығынын санамағанда сол екі миллионға ұзатып жатқан қызға тек көйлек әперіп жүргендер де баршылық екен. Тіпті соңғы кездері халқымыздың байып бара жатқаны ма әлде, бәсекелестіктен қалмайын дегендері ме сан түрлі елде жоқ салтты ойлап тауып жатқандары да бар. Тіпті күйеу жігіттің немесе той иесінің қалтасын қағып қалуға тырысатын қазақтың салтында жоқ нәрсені ойлап тауып жүргендер де баршылық.

Мәселен қызды үйінен алып шығып бара жатқанда күйеу жігітке қалтасындағы ақшамен жерге қыздың атын жазып беруді өтінетіндер немесе қыздың туфлиін ұрлап алып, қайтадан «сату», шаңырақ көтеріп жатқан жастардың фотосын үлкейтіп, аукционға салу, тіпті той үстінде қалыңдықты «ұрлап» кетіп ақша талап ететіндер де табылуда. Және мұның барлығында мүмкіндігінше той иесінің көбірек шашылғаны сынға түсіп жүр. Өзіміздің салт-дәстүрлеріміз аздай өзгелердің де ысырапшылдыққа негізделген салт-дәстүрлерін өзімізге алып келіп, сонша шашылудан ешкімнің де ұтып тұрмағаны анық. Бірақ «той десе қу басы домалайтын», «барының тойға шашылғанын қалайтын» қазақ тойда даңқын асыруға тырысып, ысырапшылдыққа жол беретінін де байқап жүрміз. Бірақ бұған тыйым салып жатқан ешкім жоқ. Тіпті болмай жатса несие алып той жасайтын халқымыз әзір тойдан тартынатын түрі байқалмайды.
Бірлі жарым, «тойға кеткен шығынды екі жастың қолына ұстатып, одан да баспана алып беруге тырысайық, шаңырақ көтермей жатып, несиелі болғанша, баспаналы болсын» дегендер табылғанымен оған құлақ аса қоятындар табылмай тұр. Сірә, балаларының баспаналы болғанынан гөрі, әрі кетсе бір ай айтылатын тойдың даңқы қымбат болса керек. Барынша аста төк көрініп, той жасау жолында басқалардан дәстүр ұрланғанымыз аздай, енді халқымыз жаңадан той түрін де ойлап тауып жатыр.

Онсыз да халқымызда той көп еді. Енді олардың қатарына көп қызы барлар жасайтын «Жұлдыз той» деген той түрі пайда болыпты. Жақында Шымкенттік тұрғындар Құндызай Қалауова мен оның жары Мұрат Әсілбек алты қызына арнап «Жұлдыз той» жасаған. Шымкенттің іргесіндегі Таскешу ауылында тұратын отбасы бұл тойды қыздарына үлкендерден бата алып беру мақсатында жасағандарын айтады. Сүндет той секілді, алайда тек қыздарға арналып жасалатын бұл тойда қыздарға арнап жұрт ақшадан шашу шашады, төрге отырғызып, ақ тілектерін айтады екен. Әрине Алла халқымызды тойдан айырмасын, алайда шектен шыға ысырапшылдыққа жол беріп, өзара бәсекелеспей «көрпеге қарай көсілуді» үйренетін кезіміз де жеткен секілді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста