Тәуекел Мүсіліммен сүйіскен Жанар Дұғалова жұрттың ашуына тиді (фото, видео)
Жанар Дұғалова кезекті махаббат трагедиясын жарыққа шығарды. Әншінің “Ала кетпедің” атты су жаңа бейнебаяны тыңдармандар арасында дау туғызды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Бейнебаянның түсірілім жұмыстары өткен жылдың қараша айында өткен. Дұғалова жаңа туындыны желтоқсан айында-ақ шығарамын деп уәде еткен еді. Алайда біраз қиындықтарға байланысты бейнебаян тұсауы сәл кешірек кесілді. Оған бір себеп клипте компроматты кадрлардың болуы. Ашып айтсақ, бейнебаянда Жанар Дұғалова оттың ортасында тұрып актер Тәуекел Мүсіліммен сүйіскен. Сол себепті Дұғалова аталған кадрларды бейнебаянға қосу не қоспауды бір ай бойы ойланған. Ақырында әріптестері мұның өнер екенін айтып, әншіні көндірген.
“Тырнақ астынан кір іздеудің қажеті жоқ. Мұны тек екі адамның арасындағы махаббат, баянсыз махаббат ретінде қабылдаңыздар. Әрине, біреуге ұнайды, біреуге ұнамайды. Біреу түсінеді, біреу түсінбейді, сын айтады. Оған дайынмын”, – деп түйіндеді Жанар.
Ал тыңдармандардың пікірі Жанардың өзі күткендей екіге бөлінді. Кейбіреулер қазақ қызының ел алдында жігітпен сүйіскенін ұятқа баласа, ендігілер өнер туындысына “жауһар” деп баға берді. Айтпақшы, шоу-бизнестегі сұлулардың біразымен сүйіскен Тәуекелге астарлап қалжыңдағандар та табылды.
“Ендігі сұрақ Тәуекелге: Қай аткриса немесе әнші жақсы сүйіседі екен?”, “Клиптің соңы ғажап әсер қалдырды. Адамдар не десе де, нағыз лайықты жұмыс осы. Құштарлық, сезім, үмітсіздік, шарасыздық және отқа орайтын лаулаған махаббат. Меніңше, бұл жерде актерлік шеберлігімен таңғалдырған. Тәуекел де алғаш рет барынша өзін актер ретінде көрсеткен”, “Неткен керемет, Жанарды қазақ эстрадасының гаухары деп бекер санамайды екен”, “Қазақтар сүйісе бастады”, – дейді желі қолданушылары.