Тәуекел Мүсілім Баян Алагөзованың «Я – пышка» комедиясына тыр жалаңаш түсті

Тәуекел Мүсілім Баян Алагөзованың «Я – пышка» комедиясына тыр жалаңаш түсті

«Я-пышка» комедиясы Баян Мақсатқызын қанша шығынға батырды? Басты кейіпкерді сомдаған томпақ қыз қаламақысын қайда жұмсаған? Атышулы Алагөзова Тәуекелді алдап соққан ба? Толығырақ Shownews.kz ақпараттық порталы хабарлайды.
Күні кеше Баян Алагөзова «Я пышка» атты кезекті картинасының тұсауын кесті. Азулы продюсер толық қыздың рөлін сомдауға ақтөбелік Назерке Назарова есімді аруды лайық көрген.

«Негізі анам сен өтпей қалуың мүмкін, босқа семіріп кетесің ғой, қиналасың деп фильмге түсуіме қарсы болды. Бірақ мен іштей жоқ деп, нан мен майды жей бердім», – дейді Назерке Назарова.

Иә, аталмыш комедия үшін жанкештілікке барған сылқым, екі ай ішінде жеті килограмм қосқан. Тіпті түсірілім барысында аяғына зақым келіп, жүруден қалса да, Назерке өзіне жүктелген рөлді алып шыққанына риза. Бүгінде үміт ақталды. Қаламақысы да көңіл қуантса керек, Назарова кинодан соң бар несиесінен құтылған.

«Табысым өзіме ұнады. Бастапқыда продюсерлерге өз ұсынысымды олар да өз тараптарынан белгілі соманы айтты. Сөйтіп екі жақ ортақ шешімге келдік. Бірақ барлығына жетті. Тіпті қарыздарымнан да құтылдым», – дейді ару.

Бұған дейін бірнеше фильм таспалап, отандық киноқоржынды майлаған Мақсатқызы, дәл осы комедиясы үшін қалтасынан қанша қаражат шығарғанын да жасырмады.

«Мен белгілі бір лимиттен асырмаймын. Фильмдеріме 150-200 мың доллардан артық ақша жұмсамаймын. Ең қымбаты «Сиситай» болды. Жанры мюзикл болғандықтан 400 мың долларға түсірдім. Одан аз қаражат кетіру мүмкін болмады. Менің ойымша, Қазақстанда 200 мың доллардан қымбат киноны түсірудің қажеті жоқ», – дейді Баян Мақсатқызы.

Баян Алагөзова тың кинотуындыға кіріспес бұрын алдымен қызымен ақылдасатын көрінеді. Айсәуле де анасына барынша қолдау білдіріп, көмегін аямапты.

«Анам әрдайым трендте не болып жатыр? Осындай фильм түсірсек, көрермен ұната ма, ұнатпай ма қалай ойлайсың? Қай әзіл күлкілі немесе қүлкілі емес деп мені шақырып, ойымды сұрайды», – дейді Айсәуле Бақытбек.

Дәл осы фильмде сән үйінің директорын сомдау, Мүсілімге табысталған. Шаңырақ көтергелі ұстанымы өзгерген Тәуекел, түсірілімге дейін сценариймен танысып, кейін ашық сахналар кезікпесе ғана келісімін беретін болған. Бірақ бұл жолы алданып қалғанын айтады.

«Алғаш сценарийді оқығанда, мен басқаша елестеттім. Себебі үстің жартылай ашылады, бірақ сушиға ұқсатып, қара матамен ораймыз деді. Жартылай дегенге, «жарайды» деп келісімімді бердім. Тек түсірілім басталғанда бәрі басқаша, қара мата жоқ, суши ғана дейді. Мен түсінбей, қалай суши, қалай жабасыңдар десем, онда шешін, қорықпа жабамыз деді. «Шешінген судан тайынбас» дейді. Амал жоқ, актер болғаннан кейін ондай сахнаға түсуге де тура келді», – дейді Тәуекел.

Тәуекел бұл картинада Жәния Джуринская, Назерке Назарова, Қарлығаш Мұхамеджанова сынды үш бірдей сылқыммен серіктес. Бірақ аталмыш комедиядағы ашық сахналарға келіншегінің келісімімен түсіпті.

«Мен сценарий оқып болғаннан кейін бірден, «ыңғайсыз сахналар бар, сен соған дайын бол» деп Махаббатқа ескерттім. Ол жарайды деді. Енді актер болғаннан кейін түсінеді. Бастысы сүйісетін сахналардың бәрін алдыртып, өтініш білдірдім», – дейді Тәуекел Мүсілім.

Артық салмақтағы арулардың өмірін суреттейтін туындының желісі бойынша толық қыз сиқырдың көмегімен сымбатты сылқымға айналады. Ал басты кейіпкердің арықтаған сәтін Жәния Джуринская сомдаған. Бірақ бастапқыда бұл рөлге Қарлығаш Мұхамеджанова бекітіліпті.

«Алғашқыда толық қыздың салмақ тастап, өзгерген кезіне мені сынап көрді. Бірақ Баян Мақсатқызы сен әрқашан жағымды кейіпкерді сомдайсың, мүмкін өзіңе жат образды көрерсің деп ұсыныс білдірді. «Жақсы» деп келісімімді бердім», – дейді Қарлығаш Мұхамеджанова.

Фильмнің алдын-ала көрсетіліміне Алагөзованың әріптестері мен жақындары да жиналған. Алғашқы көрермендердің комедияның кемшін тұстарын байқаса, екінші тарап кинодан үлкен үміт күтіп отыр.

«Баян Мақсатқызы, Бағым Мақсатқызы тәтелерім ғой. Кішкентайымнан сол кісілердің әзілін тыңдап өскенмін, олар бір-бірін үнемі келемеждеп жүретін адамдар. Сол қалжыңдарын осы кинода көрдім және жүрегіме жылы қабылдадым. Менің ойымша бұл кассалық жиыны жақсы фильм болатын сияқты», – дейді Аша Матай.

«Мен фильмнің бір-екі жеріне өзгеріс еңгізіп, төбелесті мүлдем алып тастар едім. Сосын соңын басқаша өрбітіп, қазақи стильді көп берер едім. Мүмкін дизайнерлік саланы жақсы білгендіктен болар, бұл картинада сәнге көп көңіл бөлген. Ал жалпы кино жаман емес», – дейді Айқын. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста