Тәттімбет колледжі көшпелі ғұмыр кешуде

Қарағандыдағы Тәттімбет атындағы өнер колледжі биыл оқу ғимаратын осымен алтыншы мәрте ауыстырып, көшуге мәжбүр болды. Кеншілер қаласының кәсіби өнер мамандарын оқытатын жалғыз оқу орны бұл жолы Олег Боровиков атты кәсіпкердің жекеменшігі саналатын бұрынғы Фармацевтика институтының ғимаратына бас сауғалады. Фармацевтика институты ғимаратының дәлізіне толып кеткен колледж кітапханасының мыңдаған кітабы мен сүйегі ауыр фортепьяно, рояльдар соңғы бес-алты жылда көше-көше сыры көшіп, сыны кеткен ескі дүниедей үйіліп жатыр.

Колледж биылғы оқу жылының соңына дейін Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің математика факультетінің ғимаратын бес-алты жыл паналап келген болатын. Одан бұрын қарымы кең, құрығы ұзын облыстық сот өнер ордасын өздеріне тиесілі ғимараттан ығыстырып шығарған еді. 1997 жылы алғаш ашылған өнер колледжі шертпе күйдің шебері Тәттімбет атын алып, Қарағанды мен Теміртаудағы өнер мен мәдениеттен дәріс беретін үш орта оқу орнын бір шаңырақ астына біріктірген. Алғаш құрылған жылы алты бірдей ғимараты болған колледждің қазір Теміртаудағы филиалының жалғыз оқу корпусы мен Қарағандыдағы жатақханасының жартысы ғана қалып отыр. Жартысы 1999 жылы жекеменшікке өтіп кеткен.

Ал Қарағанды қаласы көлемінде өнер мамандарын даярлауға арналған, дыбыстық кеңістігі, эстетикалық талғамы талапқа сай арнайы оқу корпусы мүлде жоқ. Оның сыртында өнер колледжі оқу үрдісінің тәжірибеге етене болуы мақсатында қаладағы театр, концерттік залдардан шалғай болмағаны да керек еді. Мұндай талапты былай қойғанда, жеке баспанасы жоқ өнер ошағы енді қанша жыл кірменің күнін кешері белгісіз.

Дағдарыс басталар қарсаңда жергілікті бюджет арқылы колледжге жаңа ғимарат салу жоспарланған екен. Бұл мақсат үшін колледжге қаланың ескі әуежай аймағынан 3 гектар жер телімі де бөлінген. Биылғы жылы құны 1,5 миллиард теңге тұратын жаңа оқу корпусының жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, жаңа ғимарат келер 2010 жылы салына бастауы керек-тұғын. Әлбетте, дағдарысты айтпағанда, аталмыш сома Қарағанды бюджетіне де аз салмақ болмасы анық. Егер республика қазынасынан көмек болса ғана өнер колледжі жасауы жоқ жетім қыздың күйінен құтылары сөзсіз. Ал республиканың өзге облыстарындағы колледждердің барлығының меншікті ғимараты бар. Осы ретте қарағандылық өнерпаздардың әркімнің есігінде білім алғаны үлкен абыройсыздық екені тағы даусыз...
Сонымен, Қарағандыдағы жалғыз өнер колледжі алтыншы рет қоныс тойын тойламақшы. Тек, өкініштісі, біреудің босағасында. Жалпы, үлкен есеппен келгенде, Қарағандыдағы өнер ордаларының көпшілігінің жеке ғимаратының болмауы аймақта жекешелендірудің жергілікті халық өнері мен руханияттың пайдасына шешілмегендігін аңғартпай ма екен? Бұл тарапта облыстың бұрынғы әкімі П.Нефедовтің балалары мен туыстарының бірнеше үлкен ғимаратты жекеменшігіне басып алуын, олардың қатарында «Ақжолтай» мұзайдын сарайы, Н.Әбдіров атындағы спорт кешені және өзге де үлкен нысандардың болуын, басқа да байшыкештердің ірі-ірі ғимараттарды сауда нүктелеріне айналдырып жіберуін, ондаған балабақшаның жеке байлардың баспанасына айналып кетуін айтуға болады. Егер Үкімет тарапынан халық мүлкін қайыра жекешелендіру шаралары қолға алынса, қарағандылық өнер мен руханият саласы өз еншілеріне қол жеткізер еді.

Рахила ҚИМАНОВА, колледж директоры:
– 2000 жылы облыстық сот біздің ғимаратымызды өз меншігіне алып алды. Олар бұл үшін аянбай бес жыл «еңбек етті». Сол тұста жергілікті әкім-қаралар бізді Қарағанды мемлекеттік университетінің Гоголь көшесіндегі оқу ғимаратына көшіріп, «кейін бұл ғимарат сіздердің меншіктеріңізге өтетін болады» деп уәде берген. Ол уәде желге ұшып кетті. Біз, осындағы өнер жанашырлары, жергілікті билік салалық министрлікке бірнеше дүркін хат жолдадық. Ол жақтан оң жауап келмеді. 2002 жылы ҚарМУ ғимаратына кіріп, бес жылға жалға алдық. 2007 жылы кесімді мерзім біткен соң, тағы бір жарым жылға келістік. Биыл оқу жылы соңында ҚарМУ ректоры Е.Көбеев колледжді сотқа беріп, шілденің ортасында ғимаратты босатуға мәжбүр болдық. Жаңа ғимаратқа бірнеше ауыр жүк көліктерімен, Қазыбек би ауданы әкімдігінің көмегімен, қалалық Мәдениет департаменті мамандарының, кітапханашылардың, қаладағы ішкі әскердің №6505 әскери бөлімі сарбаздарының күшімен әупірімдеп көшіп келдік. Жақын күндері жөндеу жұмыстарын бастаймыз. Қыркүйекте өнер жолына түсуге талпынған жастарды ұялмай қарсы алуымыз керек...

Тәттімбет атындағы колледжде жылына шамамен 450 шәкірт бірнеше өнер пәндерінен дәріс алады. Мұнда облыстың барша өнер саласындағы майталмандарынан құралған 300 мұғалім мен мәдениет қызметкері дәріс береді. Ұстаздар арасында бірнеше мәдениет пен өнер қайраткері бар. Қазір колледжде 70 ірі концерттік аспап, оның ішінде сегіз рояль бар. Колледж кітапханасында 90 000 кітап қоры жинақталған.

* * *
Қарағандыдағы Тәттімбет атындағы колледж ғана емес, мұндағы басқа да өнер ордалары соңғы он жыл ішінде өздерінің басыбайлы ғимараттарынан кезегімен айырылып келеді. Тоқсаныншы жылдар соңында облыстық мәдениет басқармасының ғимараты салық органдарына беріліп, мәдениет шенеуніктері жеке ғимаратқа көшірілген болатын. Ал филармония әртістері қалалық цирктегі аңдармен қоңсы қонуға мәжбүр болды. Сол жылдары облыстық экономикалық сот музыка мектебінің ғимаратына көшіп кірді. 2000 жылы облыстық сот Тәттімбет атындағы колледждің ғимаратын басып алса, бұрнағы жылы «Нұр Отан» партиясының облыстық бөлімшесі облыстық мәдениет басқармасын әлдебір бизнес-орталықтың ғимаратына көшіріп жіберді. Осы дәйектемелердің өзі-ақ Қарағандыдағы мәдениет саласының көшпелі тірлік кешіп келе жатқанын аңғартады...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста