Тарихымыз «тапталып» жатыр

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Елімізде тарихи-археоло­гиялық ескерткіштерді зерт­теу мен зерделеу кенже­леп тұр. Мәселен, Талғардан табылған «Талқыз» архео­логиялық құндылығының аумағы әлі қоршалмаған. Ал көне Қойлық шаһары мен Бесшатыр қорғандарын зерде­леуге тиісті көлемде қаржы жоқ.
«Алтынемел» ұлттық паркінің аумағын­дағы «Бесшатыр қорғандары» сонау 1924 жылы кеңес ғалымдары назарына ілікті. Ал 1956 жылы алғашқы қазба жұмыстары жүргізілді. Мұнда барлығы 31 қорған болса, соның 19-ы зерттеу аясында ар­шыл­ған еді. Ал қалғандарын тоқырау жылдары талғажау іздеген жұрт заңсыз жолмен қопарып тастапты. Ел аузындағы әңгімелерге сенсек, қорғандар ішінен алтын, күміс әшекей заттар табылыпты-мыс. Ол құндылықтарды бірақ ешкім Үкіметке өткізбеген көрінеді. 
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдар­ламасы аясында бұл жерден ашық аспан астындағы мұражай ашу жоспарланған болатын. Үш жылдан бері қолға алынған шаруа дәл қазір қаржы жетіспеушілігінен тоқтап тұр. Әлкей Марғұлан атындағы Археологиялық институттың қызметкері, тарих ғылымының кандидаты Арнабай Нұржановтың сөзіне сенсек, мұндағы әр қорғанды қалпына келтіру үшін шамамен 10-12 миллион теңге керек. Сонда бұл қорғандар ғасырлардан сыр шертетін кейпіне енетін болады.
«Бесшатыр қорғандары» Қапшағай суқоймасының солтүстік шығысында орна­ласқан. «Болашақта бұл орын туристер үзілмейтін мекенге айналады» дейді «Ал­ты­немел» ұлттық паркінің бас директоры Халық Байәділов мырза. Себебі Қапшағай­да демалып жатқан саяхатшылар үшін осы орынға шағын кемелер бағытын ашу жос­парланып отыр. «Енді тезірек археология­лық ескерткішті қалпына келтіруіміз қажет. Мұнда келген саяхатшылар біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ-ІІ ғасырларға тиесілі тасқа бедерленген суреттерді де көре алады. Осы өлкені мекендеген сол заман­дағы қауымның тұрмысымен танысып, мәдениетінен хабардар болады», – дейді тарихшылар. Олардың анықтауынша, парк аумағында 1 мыңға тарта тасқа басылған суреттер бар. Олардың көбінде аңға шыққан адамдар, ешкі мен әлдебір белгісіз жануарлар бейнеленген.
Тарихшы Арнабай Нұржановтың ай­туын­ша, Жетісу өлкесі – тұнған тарих. Табылған археологиялық ескерткіштермен қатар, мұнда әлі зерттелмеген орындар көп. Мәселен, жақында ғана Ескелді ауданының Н.Алдабергенов ауылының тұрғыны Еділ Тәженов ауласын қазып жатып, әлдебір қыш ыдыстардың қалдығы мен адамдікіне ұқсас өте ескі сүйектер сынығын тапқан. Моншасына суағар қазып жатқан шаруа екі метр тереңдікте жынысы өңірге жат тас жабынға тіреліпті. «Мрамор­ға ұқсас бұл тастар мұқият қаланған екен. Оны бір-бірлеп сыртқа шығарып едік, астынан осы дүниелер табылды», – дейді Еділ Тәженов. Ауыл тұрғындарының ай­туын­ша, Тәженовтер тұрып жатқан үйдің орны бұрындары төбешік болған. 1973-78 жылдары бұл жерлер тегістеліп, орнына совхоздың үйлері салыныпты. Соған қара­ғанда үй ескі қорғандардың үстінде тұрған болуы мүмкін. Бұл пікірді облыстық Тарихи, мәдени құндылықтарды қорғау орталы­ғының директоры Есет Дәуренбаев та қолдайды. «Бұл табылған археологиялық қазбалар,  пайымдауымызша, біздің дәуі­рі­мізге дейінгі заман құндылықтары. Мүм­кін, бұл жерде Қойлық секілді қала болған шығар. Біз бұл туралы Әлкей Марғұлан атындағы археология институтына хабар­ладық. Жуырда ол жерден арнайы ғалым­дар келеді. Қазір бұл орын мемлекет қор­ғауына алынды», – дейді маман.
Табылған қыш ыдыс сынығында әлде­бір таңба бар. Ол таңбаны үй иесі Еділ Тәже­нов «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі» атты кітаптағы қоныс, мекен белгісіне ұқсатады. Осы шұңқыр маңынан он шақты жыл бұрын жер астынан тағы бір таспен жабылған ұңғыма табылыпты. Бірақ ол кезде ештеңеге мән бермеген тұрғын оны көміп тастаған. Зерттеу жүргізілсе, ол да қайта аршылатын болады.
Арнабай Нұржанов, тарих ғылымының кандидаты:
– Алтынемелде 31 қорған бар. Олардың бәрі бұзылған. Бұл мекенді ашық аспан астындағы мұражайға ай­нал­дыру үшін көп қаржы керек. Мәсе­лен, бір орташа қорғанды қалпына келтіруге 10-12 миллион теңге керек. Мұнда үш жылдан бері жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазір міне, алты ай болды, қаржы жетіспеушілігінен жұмыс тоқтап тұр. Ғалымдар тегін жұмыс істеуде. Мына қорғандардың үлкен-кіші болуы ондағы көмілген адамдардың әлеумет­тік дәрежесіне сай. Яғни үлкендерінде қолбасылар, бекзадалар болса, шағын­дарында қатардағы қызметшілер, шені төмен басшылар. Қорғанның іші ағаш бөренелермен қапталған. Оны адамдар осы таудан алған. Тастарды да  мұнда арнайы тасып әкелген. Себебі дәл мына жерде қорғанды жауып тұрған тас кездеспейді. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста