Тарихта жылан жылы несімен есте қалды?

  Абай ОМАРОВ (коллаж)

Санаулы күннен кейін әлем жұртшылығы жылан жылын қарсы алады. Әрбір белестен өткенде, әрбір асуды бағындырғанда бір жақсылықтан үміт күтетін қазақпыз. Әлем халықтарының жыланға қатысты көзқарасы мен болжамдары әртүрлі келеді. Кейбірі одан қауіп көрсе, ендігілері жылан жылын берекелі деп те атайды. Мысалы, көрші Қытай үшін жылан – даналықтың символы. Дегенмен ұқсас бір тұжырым бар. Жылан жылында белсенділік артады. Ол жағымды жағына, бәлкім, жағымсыз жағынан болуы мүмкін, бірақ белсенділігі төмендемейді. Бұған тарих куә. Өткен күндердің тізбегі бізге осыны дәлелдейді.
1221 жылы Шыңғыс хан әскері Оты­рар­ды алған деседі. Тарихшылардың бір жар­тысы мұны трагедия ретінде, келесі бірі керісінше бағалайды. Қалай десек те, қазір Отырарды беріп қойған бабалардың да, оны басып алған батырлардың да ұрпақ­тары бір бүтін ұлт құрап отыр. Талай сын сәттерде қазақтың мерейін үстем қылған «Салқам Жәңгір» жылан жылында, 1629 жылы таққа отырып, Қазақ хандығының тіз­гі­нін ұстайды. 1665 жылы  Қаз дауысты Қа­зы­бек би дүниеге келді. 1689 жылы Тәуке хан бастаған қазақ қолы ойрат-жоңғарларға қарсы жойқын жорық жасады. Үш жүздің басын қосқан хан Абылай да – жылан жы­лында, 1713 жылы дүниеге келген. 1725 жы­лы жоңғарлар Түркістан мен Ташкентті жаулады. 1737 жылы Кіші жүз ханы Әбілқа­йыр Орынбор өлкесінің жаңа губернаторы болып тағайындалған В.Н.Татищевке екінші қайтара ант береді. 1845 жылы қазақтың бас ақыны ұлы Абай дүниеге келеді.
Өкінішке қарай, ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы жылан жылдары қазақты қуанта қойған жоқ. Осы жарты ғасырда қазақ талай мехнат кешкен болса, жылан жылдарының да ондағы үлесі баршылық екен.
1905 жылы қазақ жерін революция шарпыды. Ол 1905 жылғы бірінші Орыс буржуазиялық-демократиялық револю­ция­мен тікелей байланысты. Ғасырлар бойы қасық қаны қалғанша қорғаған жерінен айырылып, кіріптарлық күйге түскен қазақтың ауыр халі және патшалық Ресейдің қатал отарлық саясаты көзі ашық оқыған қазақтың азаматтарына ой салды. Дәл осы тұста қазақ зиялылары Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұха­метжан Тынышпаев, Халел мен Жаһанша Досмұхамедовтер, Жақып Ақбаевтар сая­си күрес сахнасына көтерілді. Қысқасы, ояну жылына айналды.
Осы ғасырдың екінші жылан жылы 1917 жылдағы Қазан төңкерісіне тап келе­ді. 1917 жылғы Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясынан кейін орнаған уақытша буржуазиялық үкімет елдегі әлеуметтік және ұлттық езгіні жою, жер мәселесін, империалистік соғыстан шығу және т. б. мәселелерді шешпеді. Қа­зақ­стандағы жергілікті халықтарды саяси құқықтарынан айырған бұрынғы патша үкіметінің заңдары өз күшінде қалды. Өлкедегі казак-орыс әскерлерінің ұлан-байтақ жер иеліктері мен барлық әлеумет­тік артықшылықтары толығымен сақталды. Қазақстанның ең жақсы шұрайлы жерлерін отаршыл кулактар тартып алып берген Қоныс аудару басқармасының жергілікті аппараты өз жұмысын одан әрі жалғастыр­ды. Өнеркәсіп орындарында 8 сағаттық жұмыс күні енгізілмеді. Мемлекеттік меке­мелер мен мектептерде қазақ тіліне көшуге бұрынғысынша тыйым салынды. Ресей мемлекетіндегі бұл жағдайларды В. И. Ле­нин бастаған большевиктер партиясы «Бү­кіл өкімет кеңестерге берілсін!» деген ұран­ды пайдалана отырып, уақытша үкі­мет­ті құлату үшін оны басты құралға ай­нал­дыр­ды. Сөйтіп, 1917 жылғы 25 қазан­да (7 қа­рашада) Петроградта қарулы кө­те­ріліс басталып, уақытша буржуазиялық үкімет құлатылды.
ХХ ғасырдағы үшінші жылан жылы 1929 жылдағы сталиндік ұжымдастыру саяса­тына тура келеді екен. Бұл саясаттың түбі аштық пен қуғындауға әкеліп соқтырғаны белгілі. 1929–1933 жылдар аралығында Қазақстандағы біріккен мемлекеттік саяси басқарма (ОГПУ) 3386 адамды ату, 13151 адамды түрмеге қамау туралы үкім шыға­рылған.
Келесі бір жылан жылы 1941 жылға тап келеді. Фашистік Германия бейбіт келісімді бұзып, КСРО-ға тұтқиылдан соғыс ашты. Соғыстың алғашқы жылы ел қорғаған азаматтарға ауыр тигені анық.
Десе де, уақыт сырғып, ғасырдың екінші жартысына ауғанда қазақтың жайы жеңілдей бастады. Келесі жылан жылында (1953 жылы) Сталин қайтыс болып, солақай саясаттың қаһары сейіле бастайды. ХХ ғасырдың соңғы жылан жылы (1989) КСРО әскерінің Ауғанстаннан шығары­луымен аяқталады.
Қысқасы, жылан жылының қазаққа әкелген жақсылықтары да, қайғы-мұңы да баршылық. Адам бойынан жақсылықтан үміт үзілмейді. Қалың қазақ әулие деп таныған Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өзінің көріпкелдікпен айтылған өсиеттерінде 1913 жылдан ары қарай елде бір жақ­сылықтың боларын айтады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста