«Таразы» 100-ге «толды»

«Таразы» 100-ге «толды»

Өмірдің өзі – таразы. «Хабар» арнасындағы тап осындай қағиданы ұстанатын «Таразы» сараптамалық бағдарламасының шығып жатқанына жылдан асты. Былтырғы жылы Бейбіт Құсанбек атындағы сыйлықтың иегері атанған бұл бағдарламаның бүгін эфирге 100-ші бағдарламасы шығады. Санмен сөйлетсек, бұл – 200 студия қонағы, бас-аяғы 300 бетті құрайтын сценарий, 400 сюжет, 2000 сюжет кейіпкері және эфирдегі 5000 минут екен! Ал ең бастысы, бұл – Серік Абас-шах сынды продюсердің, сценарист Рахат Жақсыбайдың, шеф-редактор Мұрат Есжанның, жүргізуші Ринат Кертаевтың, режиссер Бағдат Мұстафиннің, сондай-ақ Мейрамгүл Мәдәлі, Жанар Байсемізова, Гүлвира Байғалиева, Ысқақ Дүйсенбай, Кәмшат Әбілдақызы, Мәулен Алғазы сынды журналистердің таза маңдай тері.

Ринат КЕРТАЕВ, бағдарламаның жүргізушісі:
– Эфирге шыққанына жылдан енді ғана асты дегенмен, «Таразыға» дайындық осыдан бес жыл бұрын басталған болатын. Бірақ дәл сол кезде еліміздің телекеңістігінде мұндай жобаға деген сұраныс болмағандықтан, бағдарламаны жасауға басшылықтың ешқандай ықтияры болған жоқ. Бір топ авторлық ұжым соған қарамастан, белгілі бір күні біз өз жобамызды жасап шығарамыз деп алдымызға мақсат қойдық. Себебі бұл бағдарламаның отандық тележурналистикаға аз да болса жаңалық әкеліп, серпіліс туғызады деп сендік. Әуелгі үш айда тіпті бүкіл шығармашылық ұжым бір тиын жалақысыз жұмыс істедік. Бірақ дәл сол аралықта біз мұндай бағдарлама жасауға болатынын, оның қоғамға керектігін, тек ресми тақырыптар ғана емес, БАҚ-тың назарына ілікпей жатқан, бәлкім, олар «ұсақ-түйек» деп мән бермейтін көптеген мәселелердің өзіне үңіле қарап, бейресми тақырыптарды креативті жолмен көрермен назарына іліктіре алдық деп ойлаймын.

Осы уақыт аралығында «Таразы» «Хабар» агенттігінің рейтингінде жоғарғы орынды алып үлгерсе керек. Ендеше, «Таразыны» «Таразы» қылып тұрған не» дегенге келсек, біріншіден, тың тақырыптарды тауып қозғау. Екіншіден, журналистің кадрдағы белсенді іс-әрекеті, яғни журналист бір нәрсе істеп жатып сөйлейді, не оның арт жағында белгілі бір құбылыс орын алып жатады немесе үстінде сол тақырыпты аша түсетін киімі болуы мүмкін. Айталық, көше қозғалысы мен МАИ қызметкері туралы сөз ете отырып, өзінің көлік рулінде отыруы. Бұл – көрермен мен журналист, материал мен аудитория арасындағы интерактивті байланысты тудыратын әдіс-тәсілдер, режиссерлік шешім. «Таразының» сюжетін жасайтын журналистерге де осы орайда талап күшті болса керек, неғұрлым идеясын қызықты етіп әрі сан қырынан көрсете алса, соғұрлым жоғары қаламақы алады. Мұндай әдісті шығармашылық топ бірауыздан әділ деп тауып отыр.

dsc_2605

Келесі ең басты «фишкасы» – шымшыма тілді қолдана отырып, мақтамен бауыздауы.

Мұрат ЕСЖАН, шеф-редактор:
– Негізінен, тілдік тұрғыдан біз, ең алдымен, барлық мәтінді бірдей стильде жасауды ұйғардық. Ол қандай стиль дегенге келсек, езуге күлкі үйіретіндей әзілмен астарлап, тұспалдап сөйлей отырып, мақтамен бауыздау. Содан соң кейде әдейі «жаргон» сөздер мен диалектілерді, өзге тілден енген кірме сөздерді де сол күйінде қолданамыз. Негізінен, тіл заңдылығы бойынша ондайға жол берілмейді, бірақ біз қатып қалған форматты бұзып, осындай тәжірибе жасап көрелік деп едік, расында онымыз көрермен тарапынан жақсы қабылданған секілді. Ал енді мемлекеттік тілдің мұңын айта-айта шаршаған соң, өткенде біз әдейі зоопаркке барып қазақша түсінетін Асыл атты маймылды түсірдік. Біз соны жай ғана көрсеттік, бірақ астарында осы маймыл құрлы қазақша түсінбейтіндерді сынап-мінеу жатқан-ды.

100 бағдарламаның 200 қонағы
Жанрлық жағынан «Таразыны» «телевизиялық винегрет» деп атады жүргізуші Ринат Кертаев. Себебі онда саясаттан бастап, экономика, мәдениет, әлеуметтік өмірдегі түрлі дау-дамайлар, спорт — барлығы түрлі жанрда тоғысады. Аудиториясы да жоғарыдағы депутат, министрден бастап, қарапайым үй шаруасындағы әйелдерге дейін түгел қамтиды. Студия қонағына да әуелі саяси сұрақтар қойылып, біртіндеп тақырып оның адами қырына ауысады, соңында тіпті мүйізі қарағайдай ағаларымыз ән салып, доп теуіп, кір тасын көтеріп кетеді. Мәселен, сенатор Светлана Жалмағамбетова йоганың әдіс-тәсілдерін көрсетсе, белгілі композитор, сенатор Төлеген Мұхамеджанов қанша жасқа келсе де, әлі спортпен айналысатынын көрсетті. Тағы бір таңғалдырған жағдай – Алтыншаш Жағанованың құралайды көзге атқан мергендігін көрсетуі. Ал ең қиыны мұндай лауазымды тұлғаларды осындай өнерлерін ортаға салуға келістіру болса керек. Жүргізушіге артылар жүктің де осы орайда жеңіл еместігі өзінен-өзі белгілі. Осы ретте көнбей бара жатқан саяси тұлғаларға көп жағдайда «бүгінгі саяси нарықта саяси тауар ретінде өтімді болу үшін ресми стильдің шекарасынан шығу керектігін» түсіндіруге тура келеді екен. Дегенмен жүргізуші Ринат Кертаев осы 100 бағдарламаға келген қонақтардың дені талантты, өмірге құштар, әзіл сүйетін және жүрегі жас адамдар екеніне көз жеткізгендігін айтады.

Резонанс туғызған тақырыптар:
• Мұрат Есжанның 118 жастағы Оңтүстік Қазақстанда тұратын, 400 ұрпағы бар әже жайлы сюжеті. Өзбекстаннан көшіп келген осы әжейдің өз жерінде тұратынын тіпті жергілікті әкімдік те білмейді екен. Кейін олар өз айыптарын мойындап, Қазақстандағы ең қарт тұрғынның үйіне барып, өздерінің айыбын жуатын сыйлықтар тарту етіпті. Биыл әжейдің 120 жасқа толуына орай Сарыағаш ауданының басшылығы үй беруді шешіп отырса керек.

• Мейрамгүл Мәдәлінің желілі маркетингке байланысты жасаған сюжеті. Еліміздегі осы бизнес түрімен тауарларын өткізіп жүрген бір-екі ірі компаниялар келіп, «сендерді сотқа береміз» деп те дау шығарған. Көптеген адамдар өздерінің, шын мәнінде, осы жолда алданып жүргендерін біліп, желіден бастарын арашалап алған.

• «Қазақстан теміржолы» компаниясының билетін сататын «Жолаушы» компаниясын сынағаны үшін олар да сотқа шағымданған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста