Тар театрда тағы бір ерлік жасалды

Тар театрда тағы бір ерлік жасалды

Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театр Еркін Жуасбектің «Үйлену» атты жаңа музыкалық туындысын сахналады. Жұрт театрды ұмытты дейтініміз бекер екен. Онсыз да тарлық етіп жүрген қойылым өтетін залда ине шаншар орын болған жоқ. Тура мағынасында солай. Тіпті балконда тізе бүгер жер болмай, екі сағат бойына тікесінен-тік тұрып көргендер де аз емес.
Алайда біздің қолымызға қалам ал­дырған жайт басқа. Қойылымға сын жазуды да мамандарға – театр сын­шыларының еншісіне қалдырдық. Музы­калық қойылым болған соң оған оркестр керек. «Үйлену» спектаклін де оркестрсіз сахналау мүмкін емес. Бірақ бұл театрдың ғимаратында музыканттарға арналған аядай да орын жоқ. Десе де, қойылымды әзірлеушілер тапқырлық көрсетіп, оркестр мүшелерін сахна кейіпкерлеріне қосып жіберген. Былайғы жұрт бұл қадамның амалсыздан жасалғанын аңғармай да қалғандай. Тек мұқият қараған адам ғана арасында асабаның нұсқауымен аспаптарын арқалап, «шай ішіп алуға» ебін тауып сахнадан кетіп қалып, кейде үнсіз-қимылсыз отырып алатын музы­канттардың (оларды сахнадан шығаратын сылтау қашанғы табыла берсін) басы артық екенін сезеді. Әйтпесе кейіпкерлер екен деп ұғасыз.
Осылайша, астаналық театрдағылар­дың оркестр ұяшығы жоқ екен деп қол қусырып отырмағанын айтуға тиіспіз. Музыкалық қойылымдарды әредік болса да көрерменге ұсынып жүр. Бұдан бұрын да француз композиторы Флоримон Эрвенің «Түлкі бикешін» (Нитуш мадемуазель), татар классигі Жаудат Файзидің «Баш­мағым» атты музыкалық комедиясын да көрермен назарына ұсынып келген. Онда да оркестр мүшелерін балконға орналастырып дегендей ыңғайын тауып отырған. Бірақ бәрібір оркестрдің арнайы орында отырғанына ештеңе жетпейді. Режиссер Нұрлан Жұманиязовтың ай­туын­ша, алдағы уақытта театр мюзикл жанрындағы туындыларды да сахнаға шығармақ ниетте. Демек, Астана театры құлашын кеңге сермеуге құлшынып-ақ отыр. «Әттең, тонның келтесі-ай» дегеннен басқа шара жоқ.
Музыкалық қойылымдардың бояуын арттыра түсу үшін кейде оркестрмен қоса үлкен хордың да қажет болатын кезі бар. Шағын оркестрдің өзіне орын таппай отырған режиссер оларды қай көрініске енгізеді?! Кейбір театрлар хорға арнайы орын дайындамай-ақ, амфитеатрдың алдындағы алаңқайды пайдаланады. Ал Астана театрының амфитеатры маңында түгел бір хор түгілі, тізе бүгетін орын жоқ.
Біз бұл жерде қазіргі заманғы драма театрларда міндетті түрде болатын трюм туралы айтып та отырған жоқпыз. Трюм – сахнаны түрлі қозғалысқа кел­тіріп, қойылым кезінде айналдырып неме­се қисайтып дегендей эффект бере­тін механизм. Сахнаның астына орна­ластырылады. Тіпті ондайдың бірнеше қабатын қолданатын театрлар да бар. Ал біздің Астана театры болса, оркестр отыратын орынға зар болып отыр. Елордадағы құрылыс компаниялары зәу­лім-зәулім үйлерді әне-міне дегенше салып үлгереді. Бірақ театрдың ғимаратына мойын бұрмай-ақ қойды. Тіпті Астана театрының ғимараты бар деп айтудың өзі ұят. Театр емес, турасын айтқанда акт залы іспетті.
Ал акт залында осындай ірі туын­дыларды сахналап келе жатқан астаналық әртістердікі шын ерлік!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста