Таңжарық тағылымы

Таңжарық тағылымы

Биыл Шығыс Түркістандағы ұлт-азаттық күресінің көрнекті қайраткері, ақын, ағартушы Таңжарық Жолдыұлының туғанына 110 жыл толып отыр. Осы орайда алдағы 24 мамыр күні сағат 10.00-де Астанадағы Еуразия ұлттық университетінде «Алаш идеясы және Таңжарық Жолдыұлы мұрасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі.
Жиын барысында ақын туралы деректі фильм көрсетіліп, қайраткер мұрасын сара­лаған келелі баяндамалар тыңдалады. «Таңжарық» атты кең көлемді роман жа­зып, күрескер ақынның таланты мен тұл­ғалық қасиеттерін аша білген белгілі қаламгер Тұрлыбек Мәмесейіт «Қазақтың басынан өткен небір зобалаң заман, қилы тағдыр­лар­дың шырмалған тордай шеттегі қан­дас­тарымыздың да мойнына түскені бел­гілі. Әсіресе Шыңжаң қазақтары бұл тау­қы­меттен сырт қалған жоқ. Олар көрген зұ­лымдық пен қиянат солардың арасынан шыққан жарық жұлдыз – Таңжарық ақын жү­регінен шерлі шежіредей өлең-жыр бо­лып төгілді. Бүгінде бізде «түрме әдебиеті» деген ұғым қалыптасып отыр. Міне, осы «түрме әдебиетін» жасаған тұлғалардың бірегейі Таңжарық Жолдыұлы деп білеміз. Өйткені оның шығармаларының 80-90 пайызы абақтыда жазылды. Сөйтіп, ол өз өмірін, сол кезең шындығын халқының тағ­дырымен қабыстыра жырлап өтті», – деген тұжырым жасайды.
Ғылыми басқосудан соң конферен­ция­ға қатысушыларға Таңжарық шығар­мала­рының негізінде «Шын тілек» атты әдеби-танымдық кеш бағдарламасы ұсынылмақ. Кештің басталуы сағат 14.30-да. Аталған шараны ұйымдастырушы – Л.Гумилев атын­дағы ЕҰУ, «Алаш» мәдениет және руха­ни даму институты және «Жас азамат» қоғамдық ұйымы. Ұлтымыздың тағдырлы тұлғасының мұрасын зерделеуге бағыттал­ған шараның мақсаты – Алаш идеясының жан­кешті күрескері, ақын, ағартушы, саз­гер, сан қырлы талант иесі Таңжарық Жол­ды­ұлының мұраларын зерттеу, насихаттау жұмыстарына тың серпін беру. Сонымен бірге ұлт тарихы мен мәңгілік ел мұратын сабақтастыра отырып, аталған тұлғаның Алаш руханиятына қосқан үлесін ғылыми тұрғыда тұжырымдау.
Конференция жұмысына белгілі ақын-жазушылар, әдебиетші ғалымдар, тарих­шы­лар мен студенттер және ақпарат құ­рал­да­рының өкілдері қатысады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста