Қазақстандық белгілі актриса Сая Оразғалиева өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығуға қарсы емес болып шықты. Аралас некені қолдаған әртістің жанұясы да таза қазақтардан құралмаған. Бұл туралы Hit TV арнасының "Headliner" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
"Менің жалпы аралас некеге мүлде қарсылығым жоқ. Көзқарасым тура. Бәлкім, кейбіреулер мені осы сөзім үшін сөгуі мүмкін.
Бірақ барлығымыз Құдайдың жаратқан пендесіміз. Соны естен шығармайық. Махаббат, түсіністік пен сенім болса болғаны.
Жалпы қазақтарда "өзге ұлтпен некелесуге болмайды" деген наным қалыптасқан", - дейді Оразғалиева.
Саяның сөздерінше, оның арғы аталары да түрлі ұлтқа үйленіп, аралас некені қолдаған көрінеді.
"Отбасымызда ортақ айтылатын сөз бар: "жаман ұлт болмайды, жаман ұл болады". Біз әр түрлі ұлт өкілінің қаны араласқан жанұямыз.
Ата-бабамыздың кейбірінің жұбайлары басқа этнос өкілі. Мәселен, атамнан алты ұрпақ тараған. Әрқайсысы әр түрлі ұлт өкіліне үйленген.
Әпкем татарға тұрмысқа шықса, ағамыз орыстан қыз алған. Қазақтар да бар.
Бірақ мұсылмандық мерекелермен қатар өзге ұл өкілдерінің айтулы мерекелерін де тойлаймыз", - деп ағынан жарылды актриса.