Ашық-шашық киім киінуден алдына жан салмайтын танымал модель Даяна Жамали қазақ қыздары ұяң болуы керек деген ұстанымға қарсы шықты деп хабарлайды NUR.KZ.
Ол өзінің желідегі парақшасына жазба қалдырып, онда кез келген адам қалағанын істей алатынын тілге тиек етті.
"Қазақ қыздары шешінуде". Бұл бүгінгі күнгі өзекті тақырып болып тұр. Менің ойымша кез келген қыз кигісі келген киімді киюі керек. Әрине, ата-анамыз бойымызға сіңірген адамгершілік, т.б. ұстанымдарды аяққа таптамау керек. Мен қыздарды жалаңаштануға насихаттап отырғаным жоқ.
Бірақ, қасын жұлуды харам санайтын қыздардың қатарынан емеспін. Жоқ, мен заманауи, қазіргі заманғы қазақстандық бойжеткенмін. Мен басқа қыздар секілді еркін бола бастадым. Қазір кез келген адам қалағанын істей алатын керемет кезең.
Ал қазақ қызы ұяң, "қой аузынан шөп алмас" болуы керек деген әңгімелер - бос сөз. Мәселе ұлтта емес", - деп жазды ол.
Желі қолданушылары оның бұл пікірін қолдап, пікір қалдырды.