Тәнтаңбамен талтаңдаудан ұялсақ етті!

Тәнтаңбамен талтаңдаудан ұялсақ етті!

«Осыншалықты ақымақсыңдар ма?» деп сұрады үндістер өз жерлеріне алғаш табан тіреген миссионерлерден. Өздері жабайы санаған жұрттан мұндай сұрақ күтпеген олар «неге?» деді адырая қарап... Сонда олар «Мына біз секілді денелеріңді боямайды екенсіңдер» депті. Ал мұны айтқан эвигуайег тайпасы үшін адам қатарына саналу үшін тәніңе сурет салуың қажет, ол жоқ па, жануар құрлы құның жоқ». (Клод Леви-Строс «Қайғылы тропика»).

Тірі «тату-галерея»
Тәнтаңба, яғни, тату десе бірден көз алдымызға қызыл терілілер елестейді, себебі расында ол – соларға тән әдет. Ал оны жаһан жұртының арасына кеңінен таралуына алғаш жол ашқан кім еді? Ол әйгілі теңізші, географ, ғалым Джеймс Кук болатын. 1769 жылы саяхаттан оралған ол өзімен бірге Таитиден тек tattoo сөзін ғана емес, денесін тұтас сурет жапқан полинейзий  тайпасының өкілі Омаиды ертіп келіп еді. Оны көрген жан адам дегеннен гөрі тірі «тату-галерея» дер еді. Сенсация болды бұл. Адамдардың оған таң қалып, қызыққаны сонша, содан бастап бірде-бір жәрмеңке, болмаса цирк ойындары әлгі «түз тағысынсыз» өтпейтін болды. Тіпті XVIII-XIX ғасырларда ағылшын теңізшілері арқасына тұтас сурет салдырып тастайтын болған. Сөйткенде ғана олар өздерін тән жарасынан ғана емес, «жаман айтпай жақсы жоқ», тіпті кеме апатқа ұшырағанда бірде бір акуланың тәнтаңбасы бар адамды жеуге жүрегі дауламайды деп үміттенсе керек. Бұл қызығушылық тек XIX ғасыр соңына таяу жәрмеңкелерге нағыз өнер туындылары келген соң басылды.   
Ал енді қызыл терілілердің ар жағында ежелгі Мысыр жатыр. Көне пирамидалардан табылған мумияларды тіпті сурет өнерін осы заманға жеткізу үшін әдейі «сүрлеп сақтаған» ба деп қаласың. Ал олардың жасын айтсақ, ту-у, сонау миымыз жетпейтін біздің дәуірімізге дейінгі 2 мың жыл, одан ертерек те  болуы ғажап емес. Сәл бертінірек Ұрымда (Рим, авт) таңба немесе тәнге сурет салу құлдар мен қылмыскерлерді әшкерелеу үшін қолданылған. Алаңғасар Калигулаға бірақ ауқатты адамдардың арасында денесіне сурет салдырғандары ұнаса керек. Тіпті өзі қызық көру үшін кейбір қоластындағы адамдардың денесіне сурет салдырып қарап, содан өзіне ләззат алатын да болған деген деректер де бар тарихта.
Таңбалы әйел – «алтынқұрсақ»
  Айтпақшы, бізге осы тәнтаңба қалай жеткен деңізші, зерттеушілерге сенсек, олар Қытай жақты меңзейді. Одан жапон жұрты жұқтырып, сосын бері жылжи бергенге ұқсайды. Жапондардың ішіндегі Айну деген тайпа болса керек баяғыда, солардың әйелдері бетіне сурет салады екен. Себебі онсыз әлгі әйелдің тұрмыста екенін білу қиын еді. Ерін, бет, қабақтағы өрнектеріне қарап тіпті оның шамамен тұрмыс құрғанына қанша жыл болғанын, қанша баласы барын айырса керек. Тәнтаңбаға қарап әйелдің қаншалықты «туғыш» екендігін білетін жұрт жалғыз бұлар емес, ондайлар көптеп саналған. Тіпті Нукуро аралында тәніне сурет салынбай тұрып, босанған әйелдің баласын туысымен өлтіріп те тастайтын жайттар тарихтан өткен.
Алайда, бұл бұрын!
Баланың да бұзақы кейбір қылықтарына кешіріммен қайраймыз ғой, сол сияқты денеге сурет салуды «жарайды, адамзат әлі балаң саналы кезде жасаған шығар» деп қабылдап, оған кешіріммен қарай қоялық. Алайда ол әлі де сондай деңгейде қала берелік деген сөзіміз емес.  Егер, кемел ұлт боламыз десек, көзқарасымызды есейткеніміз абзал. Бірақ қазақтардың ішінде де өзіне мақаланың басында айтқан эвигуайег тайпасының көзімен қарайтындар әлі де бар, көп секілді. Жап-жас қыздар мен жігіттер денеге сурет салдыруды сән санайтыны өтірік емес. Ал оған дем беріп жатқан телеарналарда үздіксіз жүріп жатқан бейнеклиптердегі «жұлдыздар». Ал ол, денеге сурет салдырудың мәні бір кездердегі жапон гейшалары ұғымымен сәйкес келетіндей. Себебі сурет салуды олар тәннің ұятты жерлерін жабу үшін пайдаланған. Әдемі өрнектер мен гүлдерді салғанда сурет өнерінің небір әдіс-тәсілдерін қолданғанда, расында гейшалар одан сайын құлпырып, құмарды қоздыратұғын болса керек. Бұл ретте тек бет, алақан мен табан ғана таңбадан таза күйде қалған. Дейтұрғанмен, тәнге таңба басу немесе сурет салуды ақтап алатындай біріншіден біз жапонның «гейшасы» емеспіз, ең бастысы біз пұтқа табынушы емес, мұсылман, оның ішінде қазақпыз. Ал денеге сурет салдырып жүргендер болса, бұл біздің біріншіден таным-түсінігіміздің ұлттық мазмұнды ысырып тастап, жалпақшешей тілмен айтқанда жаһандана бастағандығымыз, ал турасын айтқанда, мәңгүрттене бастағандығымыздың айқын көрінісі. Себебі нендей нәрсеге бармас бұрын саналы адам, оның ішінде ата-баба салты мен жөн-жосықты білетін, және ең бастысы өзін адам ретінде сыйлайтын жан болса, ол міндетті түрде ол істің түп-төркіні, мақсаты мен ар-ұятқа қайшы жағын ойланады. Ал егер еш ойланбаған, білмеген, бұл тарапта еш бас қатырып көрмеген жандар үшін біз біраз жайттың сырын ашып-бере қоялық. Қал-қадіріміз жеткенше.
Құлтаңба, тайтаңба, тәнтаңба
А. Плуцер-Сарно деген ғалым өзінің "Язык тела и политика: символика воровских татуировок" атты кітабында «Ұрылардың таңбасы» – бұл бір жағынан олардың «төлқұжаты» десе болғандай, екіншіден, өздері жайлы айқын «ақпарат», «орден кітапшасы», тіпті көзі тірісінде өздеріне арнап жазып қойған «құлпытас жыры» десе де болғандай. Баукеспелер әлемінде әлеуметтік мәртебе таңба, яғни, татуировкаға қарай айқындалады, тәнінде суреті жоқ адамды олар менсінбейді де, өз қатарларынан санамайды да», – деп түйеді. Бұл бір деңіз, сондай-ақ Орта ғасырларда Еуропа ақсүйектері алаяқтарды құрықтаған сәтте енді қайтып оның адамдарды алмауына жол бермеуі үшін денесіне таңба басуды қолға алған. Алаяқ дегенде,  оның ішінде қашып кеткен теңізшілерге тырма іспетті, ал жол торушы қарақшыларға мүйіз формасындағы таңба басқан. Кейін ХХ ғасырда осындай жаза қайтадан қолға алынып, өте қауіпті деп табылған қылмыскерлерге таңба басылды. Мәселен оларға өздері отырған түрменің нөмірі ойып жазылатын болса керек. Сондай-ақ некелі бола тұра зинақорлыққа берілген әйелдер де осындай жазадан аман қалмапты. 
Түйін: Шариғат заңына бағынатын мұсылман жұртында тәнтаңба немесе денеге сурет салу – харам. Бұл туралы Алла тағала Құранның «Ниса» сүресінің 58- аятында «Әлбетте, Аллаһ сендерге аманаттарды өз иелеріне тапсыруға бұйырады» десе, сондай-ақ Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Денеге сурет салғанға да, салдырғанға да Алла елшісінің лағнеті болсын» деп қатаң ескертеді. Тән де, жан секілді аманат екендігін ескерген есті жанға осының өзі жеткілікті емес пе, әйтпесе Қасиетті Құран Кәрім мен Пайғамбар Хадистерінен бұған қарсы көптеген тыйымдарды табу қиын емес.

«Алаш айнасы»

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста