Таңдаулы туындылар көрмесі

Таңдаулы туындылар көрмесі

Алматыдағы Орталық мұражайда «XX ғасыр. Суретшілер туындыларын­дағы дәстүрлі қазақ мәдениеті. Мемлекеттік орталық мұражай коллек­ция­сынан» атты көрме жүріп жатыр.
Осынау мәдени-көпшілік шараның басты мақсаты – Орталық мұражайдағы «Бейнелеу өнері» қорының негізінде тұң­ғыш рет ауқымды түрде этнографиялық сюжетке бай, тарихи танымдық тағылымы айрықша көркемөнер туындыларын жұрт­шылыққа паш ету. Көрмеде осы уа­қыт­қа дейін ел назарына ұсынылмаған ерекше туындылар жинақталған. Қазіргі уақытта бұл қорда көрнекті қылқалам ше­берлері Н.Хлудовтың жұмыстарынан бастап, Ә.Қастеев, Ф. Болкоев, Б. Урманче, В.Кап­терев, Қ.Телжанов,  М.Қалымов, М.Кен­баев, С.Айтбаев, У.Әжиев, О.Нұр­жұ­маев және т.б. көптеген танымал автор­лардың жұмыстары қордың коллекциясы­ның қа­лып­тасуының өзегін құрап отыр. Көрмеге осы жоғарыда аталған қылқалам шебер­лерінің дәстүрлі мәдениет тақыры­бындағы еңбектері қойылған. Қазақы салт-дәстү­ріміз бен ұлттық құндылықта­рымызды насихаттауға бағытталған көрме жұмысы 5-сәуірге дейін жалғаса­ды.
Бейбітқали ҚАҚАБАЕВ, ҚР Мемлекеттік орталық мұражайы директорының бірінші орынбасары:
– Мемлекеттік орталық мұражайдың «Бейнелеу өнері» қорында халқымыздың тарихын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, материалдық мәдениетін бейнелейтін 3500-ден астам көркемсурет туындылары мен кескіндемелері сақтаулы. Мұражай топтамасында этнографиялық мәлімет көзі болып табылатын көркемөнер туындыларының мол шоғыры топтасқан. Көрмеге топтамадағы ең бірегейлері ғана іріктеліп алынды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста