Тән мен жанды үйлестіретін тележоба эфирге шықты

Тән мен жанды үйлестіретін тележоба эфирге шықты

«Қазақстан» ұлттық арнасы әдемілік пен ізгілікке, жаңашылдыққа құштар көрерменін, әсіресе, қыз-келіншектерді жұма күні экран алдына жиып алатын болды. «Сен сұлу» атты жаңа әлеуметтік ток-шоудың арқасында жұмадағы 22.00-дің шамасы прайм-таймға айналды. Биылғы жаңа телемаусымда бағдарламаның орыс тіліндегі нұсқасы да эфирге шықты.

Ұлттық арнаның бесінші студиясындағы ең көрікті декорация маңында қарбалас. Сарапшылар – модельер-дизайнер, жеке сән үйінің иегері Құралай Нұрқаділова, мейк-ап әртіс Марина Рузахунова, хэйр-стилист Шахизат Әлпішева, рок-скрипкашы Жәмила Серкебаева және Қазақстан корейлер қауымдастығы вице-президенті Герман Ким. Ал «жұлдыз-көрермендер» арасында «Мистериос» және «Слэнг» аты жас топтар болды. 40 минутқа созылған бағдарлама барысында студия қонағы – Корей мемлекеттік республикалық музыкалық комедия театрының директоры, іскер әйел Любовь Нидің бет-әлпеті, шаш және киім үлгісі оның психологиясына жақын стильге сай өзгеріп шыға келді. Демек, бағдарлама өзінің басты мақсатына жетті. Наурыздың жетісі күні алғаш эфирге шыққан «Сен сұлу» әлеуметтік тележобасы осылайша адамдық негізі саналатын әйел атаулының өз стилін табуына, оның өз-өзіне деген оң көзқарас қалыптастыруына, сондай-ақ жалғызбасты қыз-келіншектердің өмірлік серік жолықтыруына ықпал етуді көздейді. Бағдарлама студияға келген кейіпкерлер арқылы экран алдында отырған басқа да мыңдаған жаулықтының көкейіндегі сауалға жауап іздейді. Оларға сән әлемі шеберлерінің тегін кеңесін жеткізеді. Ток-шоу продюсері Дүрия Даниярованың айтуынша, қазіргі уақытта хабарға қатысуға ниет білдіріп жатқан қыз-келіншектерде есеп жоқ. Ағылған хаттардың арасынан тағдыры алаңдатарлық адамдар ғана іріктеліп алынады екен. Олардың қатарында оң жақта отырып қалған қыздар, жұмыссыздар, тұрмыс пен бала тәрбиесі шырмауынан шыға алмай жүргендер, ажырасып кеткен келіншектер, бүгінгі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – семіздік ауруына шалдыққандар, басқа да түрлі қиындыққа кезіккен әйелдер бар. «Сен сұлу» оларға титтей де болса қол ұшын созып, өмірге құлшынысын арттырғысы келеді. Хабар 18-дегі бойжеткенге де, 75-тегі кейуанаға да тартымды.

untitled-228

Мұхаммед Жанов, жүргізуші:
– Еліміз көпұлтты ғой. Біз сол халықтар татулығы арқылы мақтана аламыз. Осы жетістікті өз хабарымызда насихаттаудың артық болмайтынын ескеріп, әр бағдарламамызға түрлі ұлттық орталықтар өкілдерін кезек-кезек қонаққа шақырып отырмақпыз. Бұрын мен жастарға арналған музыкалық хабарлар жүргіздім. Жас ерекшелігіме қарай енді салмақты телехабарлар жүргізуді қолға алдым. Уақыт өте келе өзімнің дұрыс таңдау жасағаныма көзім жетеді деп ойлаймын.

Дүрия Даниярова, бағдарламаның продюсері:
– Дағдарыс кезеңіндегі барлық қиындық әйел өміріне тікелей әсерін тигізбей қоймайды. Әйел – ана, әйел – жар, әйел – ұлттың тәрбиешісі. Сол себепті біз нәзік жандардың тұрмыстық-әлеуметтік мәселелерін шешуді мақсат тұттық. Қыз тәрбиесі мен әйелге көзқарас дұрыс болса, қоғам да мықты. Бұл құндылықтар еліміздегі барлық халыққа ортақ. Сондықтан бағдарламада түрлі ұлттың әйелін кейіпкер ете отырып, ортақ мәселелерді бірігіп талқылауға шақырамыз, сол арқылы ұлттар татулығын нығайтуға үлес қоспақпыз. Жалпы, хабар сұлулық, ізгілік, бірлік сияқты игі қасиеттерді насихаттайды.

Құралай Нұрқаділова, дизайнер, суретші-стилист:
– Әйелдің сыртқы келбеті – оның ішкі дүниесінің көрінісі. Бұл екі ұғымды бір-бірінен ажыратуға болмайды. Адам бойында қалыптасқан психологиялық комплекстер оның киімінен байқалып тұрады. Сол сияқты адамның киім киісі оның мінезінен хабар береді. Бұл хабарда ауруға диагноз қоятын терапевт сияқты кәсіби көмек көрсетеміз. Адам өмірі үшін дәрігерлердің қызметі қаншалықты маңызды болса, көрермен үшін де бұл хабардың мәні зор деп есептеймін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста