Тамара Асар жолдасымен қалай танысқанын айтты
Отандық танымал әнші Тамара Асар алғаш рет жолдасы туралы тың мәліметтерді бөлісті. Өнер иесі өмірлік серігімен қалай танысқанын және оған аяғы ауыр екенін қалай хабарлағанын айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Тамара Асар Instagram желісінде сұрақ-жауап ашып, жеке өміріне қатысты жан сырын ақтарды.
Эстрада жұлдызы жолдасы екеуінің таныстығы қашан және қай жерде орын алғанын айтып берді.
"Шымқала, әуежай, VIP зал, өте қызық танысу, бөлек әңгіме. Нағыз комедия", - деді әнші.
Өнер иесінің айтуынша, отағасының ұлты - қазақ, руы - арғын.
"Құрдаспыз. Бәрі түрі суық дейді, өзіме жып-жылы. Ұлты таза қазақ. Жүрегі өте қазақша, тілі де болар бұйырса", - деп күйеуін сипаттады Тамар Асар.
Оған қоса, әртіс жолдасына аяғы ауыр екенін қалай жеткізгенін айтып берді. Ол бастапқыда отағасынан жүкті екенін жасырған.
"Мен одан әуелі жасырдым, неше түрлі оймен. Ал естігенде: "Ешкімге айтпа, өзің де ұмытып кет, мен де", деп бірден түрі қызық болып кетті. Қорыққаннан қуана алмадық екеуміз де. Әйтеуір кім болса да, дені сау сәби күттік, менің аман қалуымды екеуміз де көп ойладық.. Бірақ үндемей жүрдік", - деді ол.
Скриншот: Instagram/tamara_assar_official