Тамара Асар: Ауырып жатқанда түсімде самаурын көрдім, аяққа тұрған соң соны жасауға уәде бердім

Тамара Асардың әншіліктен бөлек айналысатын кәсібі көп. Әнші концерттік көйлектерін өзі тігеді. Ерекше безендірілген, қазақы самаурындар сатады. Осы ретте әнші самаурын жасау идеясының қайдан туғанын айтып беді.

Бұл туралы "Без фильтров" бағдарламасында айтылды. 

 Тамара Асар бір кездері жол апатына түсіп, төсек тартып жатып қалған еді. Біршама уақыт ауырған әнші тамақтан да, шайдан да бас тартқан. Сол күндері тек қазақтың самаурынына қайнаған шай ішкісі келгенін айтады. 

"Тамаққа тәбетін тартпады. Тамақ та, су да іше алмай қалдым. Жақындарым өмір сүру үшін тамақ ішуім керек екенін айтып жалынды. Ұйықтап кетсем, түсімде самаурыннан шай ішіп жатамын. Оянсам да самаурынның шайын сұраймын. Анам самаурын жағып, шай әкеп берді. Сол сәтте "егер аяққа тұрсам, ерекше самаурындар шығарам" деп өзіме уәде бердім. Бұл мистикадан шындыққа айналды. Самаурында шай 98 градуста қайнайды. Жұмсақ суға айналады. Ол адамға күш береді. Самаурынның шайын ішіп, менің бетім бері қарады. Бұл туралы ұзақ айтуға болады. Самаурын жасау - маған бизнес емес. Бұл менің хоббиім", - деді әнші. 

Тамара Асар ерекше әсем көйлектерін өзі тігеді. Бұл да әншінің хоббиі.


"Ауырып отырып қалғанда уақыт өткізуім керек болды. Қолыммен жасай алатын болған соң киім тіге бастадым. Бастапқыда шәкірттеріме киім тіктім. Кейін өзіме киім тіге бастадым. Әуелі ойымда туады. Сосын оны қолыммен жасап шығарамын. Әр конертке әртүрлі образ ойлап табамын", - деді Тамара ханым. 

Батыл әнші өмірде ерте есейгенін, ауыр жылдарды артта қалдырғанын айтады. 

"Мен ерте есейдім. Өмірді қандай болса да қабылдау керек екенін түсіндім. Қиын, ауыр күндер болды. Төсекте жатқан күндер болды. Өмір болған соң жауынды, боранды, қарлы күндер болады. Оны қабылдау керек. Барлық күнің жаймашуақ бола бермейді. Сондықтан қабылдап үйрену керек", - деді әнші. 

Тамар Асар бір сұхбатында айна жинайтын хоббиі бар екенін айтқан еді. Тіпті қолында Хюррем сұлтанның ұстаған айнасы бар екен. 

stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста