Талапбек тұлғасын танытар жинақ

Талапбек тұлғасын танытар жинақ

Ел руханиятын көтеріп, мемлекеттің дамуына елеулі үлес қосқан қайраткерлердің бірі – Талапбек Сұлтанбекұлы. Әкесі Алаш ардақтыларының бірі Сұлтанбек Берсүгіровтен ерте айырылған, сөйте тұра қиындық-зұлматқа мойымаған Талапбектің өзі айтулы тұлғаларды тәрбиелеп шығарған ұлағатты ұстаз екендігін ескерсек, жақсының жарығы жыраққа жеткендігін пайымдаймыз.

dsc_4317

Т.Сұлтанбекұлының «Білім және еңбек» журналына басшылық жасап тұрған уақытында ақтаңдақтар ақиқатына бойлауы – ерекше назар аудартады. Оның еліміздегі ғылыми фантастиканы дамытып, оған ұлттық келбет дарытуын елемей жатсақ, қиянат болар еді.

Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, журналист, жазушы Талапбек Сұлтанбекұлының ел тарихындағы елеулі тұлға екендігі анық. Басқасын былай қойғанда, ол кісінің шәкірттерінің қатарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтай тұлғаның кездесуі де кездейсоқтық болмас.

Өткен жылы бақи бесігіне аттанған осынау ұлы ұстаз турасында таяуда оның еңбектері топтастырылған «Талапбек Сұлтанбекұлы. Ұстаз. Қаламгер. Қайраткер» деп аталатын жинақ жарық көрді. «Қағанат» баспасынан шыққан бұл кітапқа Т.Сұлтанбекұлының әр жылдары жазылған көркем шығармалары, зерттеу еңбектері және сұхбаттары қамтылып отыр. Сондай-ақ осы кітапта қайраткердің жеке мұрағатындағы кейбір қолжазбалар да қоса жарық көрген жайы бар. Кітапта сонымен қатар Т. Сұлтанбекұлының ғылыми-көпшілік салаға қатысты әдістемелік ұсыныстары мен ол турасындағы замандастары, шәкірттері және туыстарының естеліктері енгізіліп отыр.

Алдияр Сұлтанбеков пен Шоқан Сапаралы құрастырған бұл жинақтың жауапты шығарушысы – Т. Сұлтанбекұлының зайыбы, аудармашы-тілші, өлкетанушы Жамал Қасенқызы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста