Таланттардың басын қосқан «Тәжмамиран»

Абай ОМАРОВ (коллаж)

«Тәжмамиран». Бұл – өткен ғасырдың 70-жылдарының аяқ кезінде Қызылордада құрылған ақындар бірлестігінің аты. Оған бірлестікті құрған жеті ақын аттарының алғашқы әріптері алынған. Олар: Темірше Сарыбаев, Әскербек Рахымбеков, Жанұзақ Қожабергенов, Махмұтбай Әміреев, Асқар Кіребаев, Мұхамеджан Нұрханов және Иранбек Оразбаевтар.
«Сырдың елі – жырдың елі» де­гендей, қай кезде де жырға талап­танған, өлеңнен қанаттанған өрім­дей жастар өңірімізде аз болмаған. Олардың талабын құптап, қала­мын ұштап, бағыт-бағдар беретін әдеби бірлестіктер мен ұйымдардың ықпалы айрықша еді. Осындай бірлестіктер ол кезде облыс орта­лы­ғындағы орта және жоғары оқу орын­дарында жұмыс істеді. Алпы­сыншы жылдары олардың негізгі орталығы, бас штабы облыстық «Ленин жолы» (қазіргі «Сыр бойы») газеті редак­циясында орналасқан Жазушылар ода­ғының облыстық бө­лім­шесі болатын. Бөлімшені атақ­ты ақын ағамыз Асқар Тоқ­ма­ғамбетов басқаратын. Белгілі жазу­шы­лар Нәсіраддин Серәлиев, Саид Баязитов көмекші, кеңес­ші­лер еді. Бөлімшенің әр сәрсенбі күні өткізілетін мәжілістерінде жас талап­керлердің апта ішінде түскен шығар­ма­лары қаралып, талқыла­нып, нақтылы ұсыныс, пікірлер айтылатын.
Бірлестік мүшелерінің жас айыр­­ма­шы­лықтарының алшақты­ғы аз, қызмет орын­дары, тұрақжай­лары жақын, қалаған кездерін­де кездесуге мүмкіндіктері мол жандар еді. Темірше Сарыбаев, Ас­қар Кіре­баев, Мұхамеджан Нұр­ханов Қызыл­орданың оңтүстік ше­тіне орналасқан аудан орталығы Тас­бөгетте жұмыс істейді. Сонда­ғы аудандық газет қызметкерлері еді. Мен осындағы аудандық партия коми­тетінің қызметкерімін. Әскербек Рахымбеков, Жанұзақ Қожабер­генов облыстық радио­да, Иранбек Оразбаев «Білім» қоғамы облыстық ұйымында қызмет істейді. Бы­лай­ша айтқанда, қонысымыз да, өрісі­міз де бір, жиі кездесіп, сыр­ласып, сұхбат­тасып тұруымызға мүмкіндігіміз мол. Солай еттік те. Бір-біріміздің үйімізде жиі болып, жаңа жазғандарымызды оқып, тал­қыға салып, пікірлесіп жүрдік. Әсіресе бұл жағдай Иранбектің қала орталығынан төрт бөлмелі жаңа үй алуынан кейін жиі­лей түсті.
Енді біздің жиі бас қосатын, жаз­ған­да­рымызды талқылайтын әдеби штабымыз Иранбектің осы үйі болды. Иранбектің ол кезде балалары жас. Жұбайы Фатима – жұмсақ мінезді, қонақжай жан. Кісіге қатқыл қарап, қабақ шыт­қа­­нын байқаған жоқпыз. Содан бо­лар, бұл үйде мейлінше еркін, кө­ңілді отыратынбыз. Дуылдасып, да­быр­ласып жататынбыз. Дауыстап өлең оқитынбыз. «Тәжмамиран» ақындар бір­лес­тігін құру идеясы да осындай басқосу­лардың бірінде туды. Әуелгі ұсыныс айтқан Темір­ше еді. Іле-шала Асқар қуаттады. Басқаларымыз да бірауыздан құп­тадық. Бірлестіктің аты-жөнінде әртүрлі ұсыныстар болды. Бірақ кө­ңіл­ден шыға қойған жоқ. Ең со­ңын­да «жеті ақынның бас әріптерін алайық» деген Иранбектің ұсыны­сын құп­тадық. Сол үшін соңғы төрт әріп соның атына байланысты енді. «Тәжмамиран» ақындар бірлестігі осылай құрылды.
Бірлестіктің келісілген шарты бойынша оның отырысын айына бір рет өткізу бел­гіленді. Әрі онда ай ішінде жазылған жаңа өлеңдерді оқу, оларға баға беру, ең үздік деген өлеңді анықтау қажеттігі айтылды. Ай сайынғы басқосу жеті ақын­ның үйінде кезекпен өткізілетін болды. Мұнда ақын­дар бірлестік атындағы әріп реттіліктеріне қарай шақыратындығы ескертілді.
Осы шарт бойынша отырыс Теміршенің үйін­де өткізілді. Тем­кең қонақ күту, дастар­қан дайын­дау ғана емес, осы отырысқа жа­ңа өлеңдерін ұсынуда да жақсы үлгі көрсетті.
Бұдан кейінгі отырыстарда Әскербек Рахымбековтің «Екі перзент», Жанұзақ Қожа­бер­генов­тің «Әңгелек-дөңгелек», менің «Ға­шықтық», Асқар Кіребаевтың «Ту­ған тұғырым – Аламесек», Мұ­ха­мед­жан Нұрхановтың «Көке­ма­рал» өлеңдері, Иранбек Ораз­баев­тың «Теңіз қашып бара­ды» поэ­ма­сы үздік деп танылды.
Жетпісінші жылдардың соңында Арал теңізінің қалпы бұзы­ла қойған жоқ еді. Теңіз толқын­дары Арал қаласының жанын­да тулап, шағаласы шулап жататын. Иран­бек­­тің «Теңіз қашып барады» деп дабыл қа­ғуына алғашында то­сырқағандай да бол­­ғанбыз. Алай­да алапат апаттың бола­рын ақын жүрегі алдын ала сезгендей екен.
«Тәжмамиран» бірлестігіміздің шығар­ма­ларымызды шыңдай тү­суі­мен бірге алғашқы жыр жинақ­та­рымыздың жарық көруіне ықпа­лы тиді. Көбіміздің осы кезең­де «Бастау», «Тұсаукесер» атты ал­ғаш­қы жыр кітапшаларымыз рес­пуб­ликалық бас­падан жарыққа шықты.
Алайда «Тәжмамиран» бірлес­ті­гінің жақсы басталған жұмысы көп ұзамай тоқырай бастады. Сексенінші жылдардың бас кезінде бірлестік жұмысы тоқтатылды деуге де болатын еді. Оның басты себебі – бірлестік мүшелерінің басқа жаққа қоныс аударуынан болды. Ең ал­ды­мен сексенінші жылдардың бас кезінде Иранбек Оразбаев Алма­тыға қоныс аудар­ды. Іле-шала жа­ңадан салған сәулетті үйін, об­лыс­тық атқару комитетіндегі жауапты қыз­метін тастап Темірше Сарыбаев та Алматыға көшті. Асқар Кіребаев қызмет бабына байланысты алға­шында Жалағаш, кейіннен Шиелі ауданында тұратын болды.
Өкінішке қарай, «Тәжмамиран­ға» мүше болған жеті ақынның екеуі қазір ара­мызда жоқ. Асқар Кіребаев екі-үш жыл бұрын Ал­ма­тыда іссапар кезінде жүрек ауруы­нан дүние салды. Темірше Сары­баев та өткен жылдың соңғы күн­дері жүрек ауруы­нан кенеттен көз жұмды.
Асыл Темкең араға қырық жыл салып, туған топырағына біржола көшіп келген еді. Ендігі өмірін осындағы ағайын-туыс, достары арасында өткізу ниетінде болған. Алайда туған топырақты аңсап келген ғазиз жан бұл мақсатына жете алмады. Асыл жарын, бала­ла­рын ағайын арасына қалдырып, бақилыққа аттанып кете барды...
Қазір «Тәжмамиранды» құрған жеті ақын­нан қалған бесеудің бірі – Иранбек Алматыда тұрады. Қал­ған төртеуміз Қызылордада өмір сүріп жатырмыз. Түрлі әдеби кеш­терде, мәдени шараларда, кез­де­сулерде бас қосамыз. Кейде өт­кен күн­дер­ді, «Тәжмамиран» ақын­­дар бірлестігін құрған шақ­тарды да ойға алып тұрамыз.
Міне, осыдан қырық жылдай бұ­рын құрылған «Тәжмамиран» ақындар бірлес­ті­гі жайлы айтылар бір үзік сыр осы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста